^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қаңтар 2017
 
     
 
Туризм

Халықаралық, республикалық, қалалық ақпараттық-имидждік іс-шаралар

Алматы қаласының халықаралық туристік нарықта тартымды туристік имиджін қалыптастыру үшін халықаралық туристік форумдарға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу көзделген.

Есепті кезеңде Алматы қаласы делегациясы мынадай халықаралық және аймақтық көрмелерге қатысты: «ITB-2015» (Берлин), «Интурмаркет - 2015» (Москва), «АТМ-2015» (Дубаи), «ІТЕ-2015» (Гонконг), «KITF - 2015» (Алматы), «Silk road show» (Шымкент), «ITFA» (Aқтөбе), «Astana Leisure» (Астана).

23-24 маусымда ІІ Халықаралық қонақ үй форумын өткіздік. Форум барысында экономикалық құлдырау кезеңі алға тартатын мәселелер және отельерлер әрекеті, Орта Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында халықаралық қонақ үй бзнесінің даму үрдістері, отелдерді толықтыруды ұлғайту тәсілдері, қызметкерлердің керемет қызмет көрсетуі үшін ынталандыру әдістері талқыланды. Форум жұмысына Франциядан, Гонконгтен, Грузиядан, Ресейден және басқа елдерден халықаралық сарапшылар қатысты.

Алматы агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі аймақаралық жоспар аясында өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында халықаралық және ішкі нарық үшін барынша тартымды бағыттарды анықтау үшін Алматы және Алматы облысы бойынша ақпараттық тур өткізілді. Ақпараттық тур құрамында туроператорлар, БАҚ өкілдері, экскурсоводтар, маркетологтар және т.б. бар. Ақпараттық тур аяқталғаннан кейін турды талқылау және осы бағыт бойынша қызмет көрсету және сервис сапасын арттыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін жиналыс өткізілді.

3 ай ішінде 107 нысанға мүгедектер үшін қолжетімділік жайы бойынша тексеру жүргізілді. 2015 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қаласы Туризм басқармасы мен Имиджелогия академиясы (мемлекеттік конкурс жеңімпаздары) «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мүгедектер үшін қолжетімді орта қалыптастыру талабын сақтау бойынша түгендеме (паспорттау) қорытындылары» атты конференция өткізді. Конференция Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында базасында өтті.

Жетекші шетелдік туроператорлар үшін 14-18 қыркүйек аралығында, сондай-ақ шетелдік жетекші БАҚ үшін 2015 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында ақпараттық турлар өткізілді.

2015 жылғы 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін «Алматы қаласы Туризм басқармасы» ҚММ тапсырысы бойынша КАГиР қонақ үй қорына зерттеу жүргізіп, Алматы қаласының қонақ үйлері мен орналастыру құралдары рейтингтерін анықтады.

Осы жоба аясындағы зерттеу қорытындылары бойынша 2015 жылғы қыркүйекте 165 қонақ үй және басқа да орналастыру құралдары бар. Олардың ішінде тексеру кезінде жұмыс істемегені немесе жөндеуде тұрғаны – 25. Жұмыс істеп тұрған 140 қонақ үй мен басқа да орналастыру орындарындағы нөмірлердің саны 7 110, койко-орындары – 11 353.

Басқарма тәжірибе алмасу және ары қарайғы ынтымақтастық үшін мынадай кездесулер өткізді:

- Малайзия елшілігінің 1-хатшысы – Норлиза Зейнмен, ынтымақтастық мәселелері бойынша австрия делегациясымен, Прадип Сривастава мырзамен (Орталық және Батыс Азия департаменті (Үндістан), Арун Рамамурта мырзамен, ірі Common Wealth журналының редакторы Сяо Юаньмен, Хоргос қаласының Саяси консультативтік кеңесінің Төрағасының орынбасары – Қытай Халық Республикасы Хоргос қаласының Туристік басқармасының бастығы Ван Шулиньмен, мэрдің орынбасары Ким Нам-ильмен, Қазақстанның Австралиядағы Құрметті консулы Эндрю Фернихофпен, «Қазақстан және Орта Азия бойынша Израил туризмі» компаниясының өкілі А. Supinski-мен, «Insignia» компаниясының өкілі М. Бастрыкинамен, Қытай Халық Республикасының Шыңжай-Ұйғыр автономды ауданы делегациясымен, «Silk Road Media» компаниясының өкілі – Пиренова Гүлжамалмен, «Mahan Air» әуекоманиясының өкілі – Бабак Зиаймен, Египеттің бірінші коммерциялық хатшысы Хидая Селим ханыммен және мәдениет және білім істері жөніндегі атташе, профессор Хемдан Ибрагиммен халал туризмді дамыту мәселесі және ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылау бойынша, HTMI (Hotel and Tourism Management Institute, Switzerland) өкілі – Daniel de Wolff, Gergeley Molnar және Қазақстан-Швейцария Туризм және Мейрамхана-Қонақ үй бизнесі институтының өкілі – Г. Утебековамен туризм саласында кадрлар даярлау мәселесі, сондай-ақ бірлескен туристік жобаларды жүргізу мүмкіндігін талқылау бойынша, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігіндегі дипломатиялық корпуспен инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды, оның ішінде туризм саласында қарау бойынша, Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Ференце Блауманмен туризм саласындағы ынымақтастықты дамыту келешегін талқылау мәселесі бойынша, Австрияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің сауда атташесі, сауда бөлімінің басшысы Михаэл Мюллермен Австрия мен Алматының туристік әкімшіліктері мен туристік бизнесінің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы мәселелерін талқылау бойынша, дөңгелектегі үйді өндіретін неміс компаниясының ресми өкілі «Сәтті Арба» ЖШС директоры – Баян Шапағатовамен Алматы қаласының аумағында караванинг дамыту жобасын іске асыру мәселесі бойынша (караванинг автоүйлерде немесе автотіркемелерде саяхаттауды білдіреді), «Global Air American Express» директоры Гүлден Ошановамен және «Walking Almaty» Денис Кинмен жаңа дизайндағы туристік жарнама-ақпараттық материалдар әзрлеу мәселесі бойынша, «Орта Азия Нұсқаушылар қауымдастығы (Шаңғы және Сноуборд мектебі)» Қоғамдық қорының президенті А.И. Юшковпен тау шаңғы туризмін, балалардың тау шаңғы туризмін дамыту және тау туризмі нұсқаушыларын дайындау мәселелері бойынша, «ИнтерФинИнвест» компаниясын дамыту жөніндегі директор Ярослав Акуличпен Алматы қаласы бойынша ықшам жол нұсқарды әзірлеу мәселесі бойынша кездесулер өткізілді.

Семинарлар, жиналыстар, конференциялар және т.б.

Төмендегілерге қатыстық:

- «Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздік мамандары» Қазақстан Олимпиадасының «ТиПО, ЖОО туризм бойынша педагогтар, үздік оқытушылар» номинациясы, «Ішкі және сырттан келушілер туризмі. Қазақстанның туристік ресурстарын білу» номинациясы;

- Lacock Gullam (Лондон, Ұлыбритания) студиясының негізін қалаушы, қала ландшафты мен навигациясы дизайнері – Сэм Галлэмнің Алматы брэндингіне арналған шеберлік сыныбы;

- Алматы облысы Туризм басқармасы ұйымдастырған «WORKSHOP-ZHETYSU TRAVEL-2015» іс-шарасы;

- V Sabre Корпоратив тік Саяхат 2015 Халықаралық конференциясы. SCTC 2015-тің биылғы жылғы тақырыбы «Іскерлік Сапарларды ұйымдастыру – Үнем, Ұтқырлық, Сапа» болды;

- Жібек жолы мәдени мұрасын дамыту бойынша ЮНЕСКО форумы;

- Қазақстан қонақ үйінде, 2015 жылғы 8 желтоқсанда «Гранд Отель Тянь-Шаньда» өткен туризмнің қосалқы шоты бойынша аймақтық оқыту семинары;

- әлеуметтік-экономикалық даму және бағдарламалар басымдықтары бойынша сарапшылардың консультативтік жиналысына қатыстық. Сарапшылардың консультативтік жиналысын БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орта Азия үшін Субаймақтық бөлімшесі Азия мен Тынық мұхит (ЭСКАТО) үшін ұйымдастырды. Солтүстік және Орта Азиядағы әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері қаралды;

- Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары өкілдерімен НПП басшылығының селекторлық жиналысында Аймақтық даму картасы жобасын іске асыру және келісу нәтижелерін қорытындылау мәселесі бойынша;

- Шоқан Уәлиханов атындағы Туризм академиясының ашылуына бір жыл толуына арналған салтанатты іс-шара;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері мен басымдықтарын түсіндіру, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес мәселелері бойынша дөңгелек үстел.

«Primeworks Studios Sdn.Bhd» продюсерлік орталығына және Малайзияның «TVЗ» телевизия компаниясына «Spiceroutes» (Дәмдеуіштер жолы») телехабары үшін Қазақстан, оның ішінде Алматы қаласы туралы деректі фильм түсіріліміне қолдау көрсетілді.

2015 жылы 3 желтоқсанда Қазақ спорт және туризм академиясы базасында туризм нұсқаушылары және гид-экскурсоводтар даярлау курсы аяқталды, осы курстардан өткені туралы аттестациялық емтихан және сертификаттар тапсыру рәсімі болды.

2015 жылғы 11 желтоқсанда Fundac ion Metropoli компаниясының және «Алматы-Бішкек – экономикалық дәлізі» бастамасы бойынша Бішкек қаласы мэриінің қатысуымен Азия даму банкінің Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігінің бейнеконференциясына қатыстық.

БАҚ-пен жұмыс

Мынадай бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берілді: «ТАҢ» телеарнасы, «Хабар» телеарнасы, «Tengri news» интернет-порталы, «Алматы» телеарнасы, «Kazakh TV» халықаралық арнасы.

«Әл-Джазиира» халықаралық телекомпаниясының (БАӘ) хабар түсірілім жұмысына қолдау көрсетілді, Әйгілі жүргізуші Джон Уореннің «Поедем, поедим» деген хабары үшін түсірілім жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Малайзияның түсірілім тобына «TVЗ» т елевизия компаниясының деректі фильм түсіріліміне қолдау көрсетілді.

 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz