^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 наурыз 2017
 
     
 

Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы, 1974 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық.

Оқуды тәмамдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас консулдығында және Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасы Елшілігінде дипломатиялық қызметте болды.

2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды. 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы. 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2015 жылдың тамызынан – Алматы қаласының әкімі.

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты. 2013 жылдан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» және «Парасат» ордендері, мерейтойлық медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен, ұлттық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапатталған. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының» құрметті профессоры.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы» кітабы мен саясаттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған бірқатар мақалалардың авторы. «Президенттің бір жылы» кітабының екі басылымының құрастырушысы.

2008 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастық Кеңесінің төрағасы. 2015 жылдың 6 наурызынан бастап – «Болашақ» Қауымдастығының Құрметті мүшесі, Кеңестің тұрақты мүшесі. «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. ҚазГЗУ қамқоршылық кеңесінің төрағасы.  2013 жылдан Азиялық Саяси Партиялар Конференциясы Тұрақты Комитетінің мүшесі.

Блог


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13