^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 ақпан 2017
 
     
 
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы
Басқарманың басшылық құрамы
       
 
Ускенбаев
Ануар Ауезович
Басқарма басшысы
 
сәрсенбі сағ: 16-00.
 
   
 
бейсенбі сағ 10.00-12.00



Абилов
Тимур Қосманұлы
Басшының орынбасары
 
сейсенбі сағ:10-00.


     
 
           
   
 
Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасының телефоны:
+7 (727) 380-04-99
 
www.uzh-almaty.kz  
: almaty-uzh@mail.ru
 
     

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА МҰҚТАЖДАРДЫҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісімен «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы 2016 жылдың «20» сәурінен «23» сәуір аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Электрондық веб-порталы арқылы құжаттарды өткізу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

Өтінішпен мен құжаттарды тапсыру нұсқауы almaty.kz және uzh-almaty.kz сайттарында көрсетілген.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісімен «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» ықшам ауданына орналасқан 223 пәтердің тапсырылуы жоспарланған.

Өтініштер мен құжаттар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде кезекте тұрған азаматтардан қабылданады, атап айтқанда:

жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал  топтарына жататын азаматтар:

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен  қатысушылары;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен  қатысушылары на теңестірілген адамдар;

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

оралмандар;

экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

көп балалы отбасылар;

толық емес отбасылар.

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар

1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;

2) Бағдарламаның 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

Бағдаламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;

5) ө тініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;

6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезекке тұру уақыты бойынша сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бағыты шеңберінде тұрғын үй алған қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.


2008 жылғы хабарламасы бар Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына 104 бөлмеге хабарласу қажет. Өзімен бірге жеке куәлігі және «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ –дан хабарламасы болуы қажет


Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбектің ПИК есептерін электрондық үлгіде ұсыну бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы аудан әкімдіктерімен бірге Алматы қаласының ПИК Қалалық Қауымдастығының – kskforum.kz. веб-сайтында кондоминиум объектілерін басқару органдары есептерін жариялау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осыған байланысты, Алматы қаласының барлық кондоминиум объектілерін басқару органдары (ПИК, ПИТК және т.с.с.) Қауымдастықтың жоғарыда аталған веб-сайтында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 50-2 бабына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін таныстыру мақсатында, басқару бойынша есептерді жариялай алады.

Есептерге қосымшаға басқару органының және авариялық (сервистік) қызметтің аты, орналасқан жері, байланыс телефондары туралы ақпаратты, қызмет көрсетілетін тұрғын үйлердің тізімін, қызметтер тізімін және Сіздің қызмет туралы басқа да ақпаратты жариялауға болады.

Есептерді oulksk1@yandex.ru e-mail.-ге немесе электрондық үлгіде тікелей Қауымдастыққа жіберуді сұраймыз.

Есептерді жариялау ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Кеңес алу үшін Сіз Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жароков көшесі, 215 (211, 304, 313 бөлме) тел. 380-04-22, 380-05-04 мекенжайы бойынша «Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» КММ-ға немесе Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 12 шағынауданы, №2 үй, 42 пәтер мекенжайында (анықтама телефоны 303-02-81, факс 303-02-82) орналасқан «Алматы қаласының ПИК Қалалық Қауымдастығы» ҚҰ-ға жүгіне аласыз.

Барлық хабарласқан азаматтарға жан-жақты көмек және қолдау көрсетілетін болады.


ХАБАРЛАНДЫРУ!

ҚҰРМЕТТІ КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗМАТТАР!

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде:

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй»;

«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй»;

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы «ИҰ» АҚ тұрғын үйі»

бағыттары бойынша өтініштер мен құжаттар Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап және www.almaty.kz интернет ресурстары көмегімен «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.

Сіздерге Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлық қолтаңба алу қажет!


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Жергілікті атқарушы органның кезектегі адамдары Бағдарламаның Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі желісімен «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 1-топ қатысушылары ретінде қатысуға құқылы:

Жергілікті атқарушы органда 5-тарау бөлігіне сәйкес құрылған І топ пулының қатысушылары арасынан 50%;

Жергілікті атқарушы органда 5-тарау бөлігіне сәйкес құрылған І топ пулының қатысушылары арасынан 50%;

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінде құрылған ІІ топ пулының қатысушылары арасынан 50%;

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі желісімен «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» және келесідегі талаптарға сәйкес келетін қатысушылар үшін:

Кемі 2 жыл некеде тұрған, ерлі-зайыптылардың екеуінің де (Бағдарламаға қатысуға өтініші беру кезінде) жастары 29-ға толмаған жас отбасы, сондай-ақ балаларды (бала) жастары 29-ға толмаған ата-аналардың біреуі тәрбилеп отырған толық емес отбасылар, оның ішінде ажырасқандар, жесір қалғандар.

Соңғы үш жылда Алматы қаласында тіркелімі бар азаматтар.

«Қазақстан Ипотекалық компаниясы «Ипотекалық үйымы» АҚ тұрғын үйі

«Қазақстан Ипотекалық компаниясы «Ипотекалық үйымы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша жалға берілетін тұрғын үй тепе-теңділікке сәйкес Жергілікті атқарушы органда құрылған І топ пулының қатысушылары арасында толық көлемде бөлінеді:

Жергілікті атқарушы органның көрсетілген санаттарының 1-кезектегілері, кемі 3 жыл некеде тұрған, балалары бар (бала), ерлі-зайыптылардың екеуінің де (Бағдарламаға қатысуға өтініші беру кезінде) жастары 35-ке толмаған, сондай-ақ балаларды (бала) жастары 35-ке толмаған ата-аналардың біреуі тәрбилеп отырған толық емес отбасылар, оның ішінде ажырасқандар, жесір қалғандар;

50% 2-топ бөлігінің қатысушылары үшін - Жергілікті атқарушы органның көрсетілген санаттағы, 1-топ бөлігіне кірмейтін кезектегі адамдары.

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй

Салынып жатқан тұрғын үйлерді бөлу, беру Жергілікті атқарушы орган, Жылжымайтын мүлік қоры арқылы іске асырылады:

1) Жергілікті атқарушы орган тұрғын үйлерді берумен байланысты Бағдарламаға қатысушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырады:

І топ - «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша;

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша Жылжымайтын мүлік қоры 100 % айқындағанынан Жергілікті атқарушы орган арқылы І топ қатысушылары үшін тұрғын үй бөлуге.

Келесі қатысушылар қарастырылады:

1) І топ, оның ішінде:

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі желісімен «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй», «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыттары бойынша - Заңның 68-бабының 2), 4),10) тармақшаларын есептемегенде Заңның 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2),3) тармақшаларында көрсетілген адамдар санаттарына жататын Жергілікті атқарушы органның кезектегі адамдары.

Қазақстан Ипотекалық компаниясы «Ипотекалық үйымы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша - Жергілікті атқарушы органның Заңның 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2),3) тармақшаларында көрсетілген кезектегі адамдары,

Дәлірек айтқанда:

Көп балалы отбасылар;

Толық емес отбасылар;

Мүгдек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

Жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;

Оралмандар;

Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

Бұл бағыттағы қатысушыларды құру топ бөліктері және келесідегі белгілер бойынша жүргізіледі:

1-топ бөлігі – көрсетілген санаттағы жергілікті атқарушы органның кемі 3 жыл некеде тұрған, балалары бар (бала), ерлі-зайыптылардың екеуінің де (Бағдарламаға қатысуға өтініші беру кезінде) жастары 35-ке толмаған, сондай-ақ балаларды (бала) жастары 35-ке толмаған ата-аналардың біреуі тәрбилеп отырған толық емес отбасылар, оның ішінде ажырасқандар, жесір қалған кезектегі адамдары;

2-топ бөлігі – жергілікті атқарушы органның көрсетілген санаттағы, 1-топ бөлігіне кірмейтін кезектегі адамдары.

«Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорын боп қайта құрылған жағдайда осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар теңестіріледі;

ІІІ топ: Жас отбасыларға арналған тұрғын үй – келесі талаптарға сәйкес адамдар: Кемі 2 жыл некеде тұрған, ерлі-зайыптылардың екеуінің де (Бағдарламаға қатысуға өтініші беру кезінде) жастары 29-ға толмаған жас отбасы, сондай-ақ балаларды (бала) жастары 29-ға толмаған ата-аналардың біреуі тәрбилеп отырған толық емес отбасылар, оның ішінде ажырасқандар, жесір қалғандар.

Қалада «3-деңгейдегі» (шағын және моно қалалар) тұрғын үй алуға үміткер Некеде тұрған уақыты 2 жылдан кем отбасылар жас отбасы санатына жатпайты.

Қазақстан Республикасының шағын және моно қалалар тізбесі осы Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген.

ІІІ топқа жататын адамдар санаты Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі желісімен «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша қатысады;

Кезекте тұрған азаматтардың өтініштері мен құжаттары «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.

Бағдарлама қатысушысы негізгі талаптарға сәйкестілігін растау үшін қажетті құжаттардың тізімі (.doc, 45,5 Кб)


Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша берілетін пәтерлерді сатып алушылардың және жалдаушылардың пул қатысушылары «ҚТҮҚЖБ» АҚ-дан тізімдердің келіп түсуіне қарай, сатып алу-сату (жалдау) шарттарын жасау үшін Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215 мекенжайы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасына жүгіну қажет.

Шартты жасау үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (күйеуі, әйелі)
  2. Неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  3. ХҚО-дан ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің бары (жоғы) туралы анықтама (күйеуі, әйелі);
  4. ХҚО-дан мекенжай анықтамасы (күйеуі, әйелі);
  5. Жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі немесе «пәтерді ресімдеу кезінде некеде тіркеуде жоқпын» нотариалды куәландырылған өтініші (үлгі бойынша)
  6. Банкпен қосымша келісімнің көшірмесі
  7. Сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін төлем туралы «Банк Центр Кредит» түбіртегі

Қолжетімді тұрғын үй - 2020 бағдарламасы шеңберінде «Жас отбасыларға арналған тұрғын үйі» бағыты бойынша 2013 жылы өтіншері мен құжаттарын тапсырған, пәтер алмаған сатып алумен жалдамалы тұрғын үйге үміткер жас отбасылардың тізімі

Тізім (.xls, 77,5 Кб)


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13