^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 24 қыркүйек 2017
 
     
 
Əкімшілік / Əкімдік құрылымы / Басқармалар / Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы
Басқарманың басшылық құрамы
       
 
Ахметов
Алтынбек Жанатұлы
Басқарма басшысы
 
Сәрсенбі Сағ. 10.00-ден 11.00-ге дейін
 
   
КУЛБОЛДИНОВ
Нурлан Тәңіртайұлы
Басқарма басшының орынбасары
 
Дүйсенбі сағ. 15.00-ден 16.00-ге дейін



Самамбетов
Ардақ Мәуленұлы
Басқарма басшының орынбасары
 
Сейсенбі Сағ. 10.00-ден 11.00-ге дейін


     
 
           
   
 
Сенім телефон: 378-47-16 Мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 үй Бірыңғай байланыс орталығы 1494:
+7 (727) 378 46 47
 
: uzoalmata@mail.ru
 
     

Мемлекет мұқтажы үшін жер
учаскелерін алып қоюға байланысты
жер учаскелерін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп
иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2015 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Су алу және су тазарту стансаның құрылысы үшін Максим Владимирович Комеристыйдың Алматы қаласы Наурызбай ауданы мекенжайы бойынша орналасқан аумағы 2,0000 га (кадастрлық нөмірі 20-322-032-073) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсаны болып белгіленсін.

3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 519 кабинет болып белгіленсін.

4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы меншік иесін ескертсін және заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы ж ер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару шараларын аяқтағаннан кейін:

1) құрылыстарды бұзғаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Қаржы басқармасының балансына тапсырсын.

2) мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскесіне меншік құқығын Алматы қаласы Қаржы басқармасына тіркесін;

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Жер қатыныстары туралы Алматы қаласы маслихаты шешімдерінің жобалары (.zip, 19 Мб)

1. Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы; 2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн және бағалау аймақтары шекарасын бекіту туралы; 3. Салық салу мақсатында аймақтарға бөлу және бағалау аймақтарының схемаларын және жердің салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы;

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13