^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қараша 2017
 
     
 

Алматы – Орталық Азиядағы ең заманауи, ірі және болашағы зор қалалардың бірі. Ол – Қазақстанның білім беру, ғылыми, мәдени, қаржылық, индустриялық-инновациялық, көлік, сауда-логистикалық, спорттық және туристік орталығы. Астананың ауыстырылғанына қарамастан, қала бұрынғысынша еліміздің мәдени орталығы болып қала береді, ол жаңа қозғаушы идеялар мен заманауи дамудың серпініне ие.

Қалада екі жүзден астам мәдениет мекемелері бар: олар - музейлер, театрлар, көркем галереялар, филармониялар, концерт залдары, кітапханалар және басқалар. Бұдан басқа, қалада 136 мәдени және тарихи ескерткіштер бар.

Экономикалық және әлеуметтік өмірде күнделікті маңызды шараларға бай қала. Жыл сайын өнер мен жанрлар түрлеріне арналған халықаралық фестивальдер, мәдени форумдар мен конкурстар өтеді. Мысалы, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында Алматы қаласының 1000 жылдығын ЮНЕСКО-ның 2016 жылға арналған Мерейтойлық және атаулы күнтізбесіне кіргізуге шешім қабылданды.

Алматының 1000 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу, қаланың заманауи тартымды және өмір сүруге жайлы өзіндік бірегей мәдениеті және ежелгі тарихы бар қала ретінде әлем алдындағы танымалдығын жоғарылататын қосымша фактор болып табылады.

Қаладағы іс-шаралар туралы толық ақпарат www.almatymadeniet.kz ресми сайтында

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13