^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 наурыз 2017
 
     
 
Қоғам / Жемқорлыққа қарсы күрес
Аудандардың әкімдерінің, қалалық басқармалардың басшыларының және құқық қорғау органдарының 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қызметтері туралы ақпарат

Алматы қаласының әкімі 2015 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылға арналған Стратегиясын іске асыру жөніндегі Алматы қалалық 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітті.

Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыс туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-құқықтық бөлім Алматы қаласы әкімдігінің веб-сайтының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімінде аудандардың әкімдерінің аппараттарының, қалалық басқармалардың және құқық қорғау органдарының 2015 жылы аталған саладағы қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін ұсынады.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде интернет-ресурстарда аудандар әкімдері аппараттарының, қалалық басқармалардың, департаменттердің олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі туралы арнайы бөлімдердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы мәліметтерге және және тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, бұл мәліметтер Алматы қаласы әкімдігінің, қала тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайттарында орналастырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған тұрақты айдарлар жұмыс істейді.

«Алматы» ТРК телеарнасының «Куәгер», «Свидетель» хабарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мәселелерге арналған сюжеттер жүйелі көрсетілді.

«Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттеріндегі «Қала-қарбалас», «Қала және құқық», «Новости», «Криминал», «Актуально», «Репортер» айдарлары бойынша атқарушы және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысы туралы мақалалар, материалдар жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы 3028 сюжеттер және материалдар жарияланды.

«Алматы» ТРК телеарнасының «Ашық әңгіме» - «Напрямую» хабарында телевизия көрермендерінің сұрақтары бойынша жауаптар берілді.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Қоғамдық кеңесінің Жұмыс жоспарына сәйкес оның мәжілістерінде қала денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы, сыбайлас жемқорлықты жасайтын жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша орындаған жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.

Білім басқармасы 2015 жылғы 20 мамырда білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптаструдың Жұмыс жоспарын бекітті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша мектептердің директорларымен жиналыстар, оқушылармен сынып сағаттарын өткізді.

Басқарма Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтерді көрсете отырып, білім беру мекемелерінің, мектептердің, колледждердің басшыларымен, педагогикалық және оқушылар ұжымдарымен 40 семинар-кеңес, жиналыстар ұйымдастырды.

Мектептер оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деген тақырыпқа арналған суреттер мен плакаттардың қалалық конкурсы өткізілді.

Жолаушылар көлігі және технология колледжінде 2015 жылғы 19 маусымда «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен флэшмоб өткізіліп, оған 6 қалалық колледжден 500 оқушы қатысты. 2015 жылғы 11 қарашада №17, №32, №165 мектептердің 11 сыныптарының оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуге арналған республикалық олимпиадаға қатысты.

Қала Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар арасында тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сомасы 2 млн. 550 мың теңгенің әлеуметтік-маңызды жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырылды.

2015 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерделеу жөніндегі үкіметтік емес Transpartncy International халықаралық ұйымының ұлттық бөлімшесімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың тетіктері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

Қала Ішкі саясат басқармасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 85 бұйрығымен мониторингтік топ құрылды.

Топ Іс-шаралар жоспарының орындалуын сыртқы талдау және бағалау жұмысын аяқтап келеді.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас 2

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жер қатынастары, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармаларының, «Жер қадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК филиалының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа семинар-кеңестер, лекциялар ұйымдастырды.

2015 жылғы 7 қазанда Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қоғамдық кеңесінің мәжілісінде қала Жер қатынастары басқармасының басшысы - Е.С. Құрмашевтың жер телімдерін бөлу және беру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықбұзушылықты болдырмау бойынша қабылдап отырған шаралары туралы есебі тыңдалды.

2015 жылғы 26 маусымда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мәжілісінде Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Қ.З. Нұрқаділовтың азаматтардың тұрғын үй беру жөніндегі өтініштерін қарау бойынша жұмысының жағдайы туралы есебі тыңдалды.

Комиссия Қ.З. Нұрқаділовке азаматтардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен әуре-сарсаңға салуға жол бермеу мақсатында жұмысты жүйелі негізде жүргізуді, азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

Қала Ішкі саясат басқармасы семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», кездесулер өткізу жолымен азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырумен айналысатын азаматтық қоғам субъектілеріне қолдау көрсетеді.

«Халықаралық құқыққорғау орталығы» қоғамдық ұйымына қалалық басқармаларда «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты ескерту» тақырыбында семинар-кеңестер, лекциялар, кездесулер өткізуге қолдау көрсетілді. Қаланың 6 жоғары оқу орнында ақпараттық бюллетеньдерді тарата отырып, «дөңгелек үстелді» ұйымдастыруға да ұйымдастырушылық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті аудандар әкімдерінің аппараттарымен, қалалық басқармалармен және департаменттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуын ескерту, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Есепті кезеңде 366 семинар-кеңестер, кездесулер, «дөңгелек үстелдер», флешмоб өткізілді.

«Халықаралық құқыққорғау орталығы» қоғамдық ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру деңгейін анықтау үшін 3 Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер және жоғары оқу орындарының студенттері арасында сауалнама жүргізді.

331 адам сауалнамаға қатысты. Пікір сұрастырылғандардың жас мөлшері 18-ден 60 жасқа дейін.

Пікір сұрастырылғандардың көпшілігі Алматыдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін орташа деп бағалады. Ішкі істер, сот органдарын, білім беру мекемелерін сыбайлас жемқорлық өте жиі орын алатын органдар деп атады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының себептері – қызметкерлердің жеке қасиеттері (жеке басының қамы, сараңдық), айлықақының аздығы.

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауына байланысты жауапқа тартуды қатайту, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету, қызмет бойынша ротация өткізу ұсынылды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13