^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қаңтар 2017
 
     
 
Жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша талдамалық анықтама  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10 тармағына, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Алматы қаласы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  • персоналды басқару бойынша ;
  • мүдделер қақтығысын реттеу бойынша ;
  • мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша ;
  • бақылау функцияларын іске асыру бойынша ;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.

Жоғарыда аталған критерийлер бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті зерттеу кезінде ішкі талдау келесіні көрсетті.

Аппараттың штат саны 134 штат бірлігін (6 - саяси , 1 - «А» корпусының , 127 мемлекеттік әкімшілік қызметші ) , нақты саны - 103 мемлекеттік қызметшіні құрайды (6 - саяси , 1 - «А» корпусының , 96 мемлекеттік әкімшілік қызметші ), 31 бос орын бар .

2016 жылдың 1 жартыжылдығының ішінде жұмыстан босатылғандар: 1 – саяси (мемлекеттік емес сектор), 12 мемлекеттік әкімшілік қызметші, оның ішінде: 1- зейнетке шығуына байланысты, 2 – конкурс бойынша басқа мемлекеттік органға, 2 – бірлік санының қысқаруы бойынша, 1 – штат бірліктерінің берілуіне байланысты, 6 – өз еркімен жұмыстан кеткендер (мемлекеттік емес сектор).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған.

Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аппарат мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Өткізілген ішкі талдау барысында аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz