^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 ақпан 2017
 
     
 
Жемқорлыққа қарсы күрес
Алматы қаласының әкімі 2015 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітті.

Алматы қаласы әкімінің

баспасөз қызметінің басшысы

Г.А. Сайдахметоваға

Алматы қаласының әкімі 2015 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітті.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратқа қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының жұмыс органы – қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің веб-сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімінде жариялау үшін аудандар әкімдері аппараттарының, басқармалар мен құқық қорғау органдарының 2016 жылдың 6 айы бойынша осы бағыттағы қызметі туралы ақпарат ұсынады.

Іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде аудандар әкімдері аппараттарының, қала басқармалары мен департаменттерінің интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы арнайы бөлімдердің қызмет етуі қамтамасыз етілген.

2016 жылғы 31 наурызда Түрксіб ауданы әкімінің аппараты веб-сайттағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.А. Ботаеваның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын ала ескерту саласында жүргізілетін жұмысы туралы есебін орналастырды.

2016 жылғы 11 сәуірде қаланың Ішкі істер департаментінің сайтында «Алматы қаласы Ішкі істер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша депарментімен бірге кездесуі болды» деген атаумен ақпарат орналастырылған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын орындау барысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қорытындыларының жетістігі қаралды және талқыланды.

2016 жылғы 30 сәуірде ақпарат агенттіктерінің сайттарында «Сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерте отырып, Алматы полициясында оның алдын алу күшейтілді» деген атаумен қаланың ішкі істер органдарының жеке құрамымен бірге жұмысы туралы ақпарат орналастырылған.

2016 жылғы 19 мамырда «Закон.kz» ақпараттық агенттігінің электронды порталында «құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігуде» деген тақырыппен мақала орналастырылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған тұрақты айдарлар ашылған.

 

«Алматы» ТРК телеарнасында «Свидетель», «Куәгер» хабарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған бейнесюжеттер жүйелі көрсетілді.

«Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттеріндегі «Қала және Құқық», «Қала-Қарбалас», «Репортер», «Актуально», «Центральная площадъ», «Новости» айдарларында атқарушы және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі туралы сюжеттер мен материалдар жарияланды.

«Алматы» ТРК телеарнасындағы «Вечерний гость – кешкі қонақ» хабарында арнайы шақырылған қонақтар – департаменттердің, басқармалардың басшылары және сарапшылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы өзекті түйткілді мәселелерді талқылайды.

2016 жылдың I жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 950 сюжет көрсетіліп, материалдар жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Ашық келісімге www.adaldyk.kz веб-сайтының жәрдемімен 172 заңды, 929 жеке тұлға Ашық келісімге қосылды. Алматы қаласының орталық көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тақырыпқа арналған 10 билборд орналастырылды.

Қала Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдардың арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешенін өткізу» тақырыбына арналған әлеуметтік-маңызды жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырды. Жобаны іске асыруға қалалық бюджеттен 3 млн. 571 мың теңге бөлінді.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті Білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалармен, үкіметтік емес ұйымдармен және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, денсаулық сақтау, білім мекемелерінде, квазимемлекеттік секторда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 130 іс-шара (семинарлар, дөңгелек үстелдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум, флеш-мобтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік шығарма мен суреттерге арналған мектеп оқушылары арасындағы конкурстар) ұйымдастырды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау» КМК «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің және сыбайлас жемқорлық көрінісіне төзбеушіліктің деңгейін анықтау» тақырыбына әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Пікір сұрастырудың қорытындысы бойынша, пікір сұрастырылғандардың көпшілігінің Қазақстандағы ең кеңінен таралған сыбайлас жемқорлықтың түрі көрсетілген мемлекеттік қызметтің орнына ресми емес төлем төлеуге лауазымды адамның азаматтарды мәжбүрлеуі болып табылады деп есептейтіні анықталды. Пікір сұрастырылғандардың жартысынан астамының пікірі бойынша Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі өзгеріссіз қалды.

Пікір сұрастырылғандардың көпшілігі сыбайлас жемқорлық туралы мәселеде бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты, өздерінің туысқандары мен таныстарының тәжірибесін негіз етіп алады. Осы орайда, ақпарат көзі Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі көтерілді және деңгейі төмендеді деп есептейтіндер үшін бірдей болып табылады.

Аудандардың әкімдері аппараттарының, басқармалардың және құқық қорғау органдарының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл Стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралардың қалалық Жоспарын орындау жұмысы жалғасуда.

Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

жөніндегі хатшысы Ж. Сатаев

Орынд.: Е.Т. Асанов

Тел.: 271-65-98

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13