^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қаңтар 2017
 
     
 
Міндетті сақтандыру туралы авто иегердің назарына

Міндетті сақтандыру туралы авто иегердің назарына

Біздің кезде автомобиль әдемілік емес, ал күнделікті қатынас көлік құралы екені мәлім. Осыған орай, біз Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру немесе КҚИ АҚЖМС туралы өзіміздің қысқаша жарияланымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алдымен КҚИ АҚЖМС-ны Қазақстан аумағында тіркелген және уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясына ие сақтандыру ұйымдары жүзеге асыра алатынын білген маңызды.

Сапалы таңдау жасау үшін www.nationalbank.kz сайтында орналастырылған ақпаратпен танысуды бұлтартпай кеңес беремін. Аталған интернет ресурста қолданыстағы сақтандыру ұйымдары туралы жалпы мәліметпен танысуға болады.

2014 жылғы 1 мамырда Қазақстан Республикасында сақтандырудың осы түрінің тізбесімен Сіз www.afn.kz. веб – сайтында таныса алатын, тіркелген 35 ұйымның 22 сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

Міндетті сақтандыру ұйымы мен сақтанушы (сақтандыру компаниясымен сақтандыру шартын жасаған адам) арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. Сақтанушы сақтандыру ұйымын таңдауда ерікті, ал сақтандыру компаниясы оған сақтандыру шартын жасаудан бас тартуға құқылы емес.

Шартты жасау үшін сақтанушының жазбаша өтініші негіз болады.

Егер шартта заңнама актілерімен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлататын шарттар болса, осы актілермен белгіленген қағидалар қолданылады. Бұнда сақтандыру шартындағы талаптардың толық болмауына сақтандыру компаниясы жауапкершілік алады және егер дау туындаса, онда ол сақтанушының пайдасына шешіледі.

КҚИ АҚЖМС шарты сақтандыру ұйымының сақтанушыға (сақтандырылушы) сақтандыру полисін беру арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтандыру полисін жоғалтқан жағдайда, сақтандыру компаниясы сақтанушының (сақтандырылушы) жазбаша өтініші бойынша оған телнұсқаны беруге міндетті.

Шартпен жәбірленушінің моральды зиянды және жіберіліп алған пайданы өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған.

Шарт КҚИ АҚЖМС шартымен белгіленген күннен бастап күшіне енеді және міндетті болып табылады.

Шарт он екі ай мерзімімен жасалынатынын және көлік құралын иелену құқығы туындаған сәттен бастап, бірақ аталған көлік құралын жол поициясы бөлімшелерінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуы керектігін білген маңызды.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңда көрсетілген жағдайда басқа мерзімге жасау рұқсат етіледі. Мысалы, көлік құралын ауысымды пайдаланған кезде, бірақ алты айдан кем емес уақытқа, көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірудің бүкіл кезеңіне уақытша кірген жағдайда, бірақ бес күнтізбелік күннен кем емес уақытқа.

Сақтанушы сақтандырушыдан шарттың, өзінің құқықтары мен міндеттерінің шарттарын түсіндіруді талап етуге, бірегей дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу ұйымынан шарт туралы мәліметті сұратуға құқылы. Сақтанушы міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтата және шарттан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына хабарласа алады.

Шарт қолданылу мерзімі аяқталған, мерзімімнен бұрын тоқтатылған; сақтанушы алғашқы сақтану оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда іс-әрекет етуін тоқтатады. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қайтарып алуға құқылы.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде, сақтандыру полисі сақтандыру ұйымымен алынуы тиіс. Бұндай жағдайда көлік құралының (егер ол жойылмаса) иесі міндетті сақтандырудың аталған түрін жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандыру компаниясымен өзінің таңдауы бойынша жаңа кезеңге басқа шарт жасауға міндетті.

Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

Көлік құралын басқаратын адам өзімен бірге сақтандыру полисін алып жүруі және оны тексеру үшін жол полициясы қызметкерлері мен көлік бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына ұсынуға міндетті екенін есте сақтаған маңызды. Егер жол полиция қызметкерлері Сізде сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтаса, онда олар әкімшілік айыппұл салуға құқылы.

Көлік құралын оның иесінде КҚИ АҚЖМС шарты болмаған жағдайда пайдалануға рұқсат берілмейді.


 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz