^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 28 наурыз 2017
 
     
 
Әлеуметтік сала / Сақтандыру / ЖКО түскен авто иелеріне алғашқы қадамды жадынама

ЖКО түскен авто иелеріне алғашқы қадамды жадынама

Ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Алматы қ. күн сайын жол – көлік оқиғалары (ЖКО) көп тіркеледі. Осындай жағдайға тап болған адамдар алғашқы минуттарда алдымен қатты сасқалақтайды және содан кейін ғана оларға көмек керектігін терең түсінеді.

Біз бүгін ЖКО кезінде сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші үшін алғашқы қадамды іс-әрекеттерді ашып беруге тырысамыз.

Алдымен Сақтанушы шығын мүмкіндіктерін болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайда ақылға қонымды және қол жетімді, оның ішінде оның ішінде мүлікті құтқару мен жәбірленуші адамдарға көмек көрсету шараларын қабылдауға міндетті. Мысалы, өртті өрт сөндіргішпен сөндіру не жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және т.с.с.

Екіншіден, егер ЖКО болып қалған жағдайда, ол туралы тиісті органдар мен ұйымдарға, олардың құзыреттерін шыға отырып, яғни көлік құралы мен жәбірленуші адамдар туралы ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызметтер органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметтеріне, апат қызметтеріне хабарлау қажет.

Үшіншіден, тез арада, бірақ жазбаша жолдаманы алған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей, көлік құралын басқарған адамға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психобелсенді затты тұтыну фактісі мен мас болу жай-күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуінің маңызы аз емес.

Төртінші қадам бұл ЖКО мен сақтандыру жағдайы болғандығы туралы оған белгілі болғаннан бері үш жұмыс күнінен кеш емес кезеңде ол туралы қол жетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) шарты жасалған сақтандыру ұйымын хабардар ету. Ауызша нысандағы хабарлама кейін (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы керек. Сақтанушы мен сақтандырушы бір тұлға болып табылмаған жағдайда, сақтандыру ұйымын көлік оқиғасы мен сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы ақпараттандыру сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушы (сақтандырылушы) дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігіне ие болмаса, ол оны құжатты түрде растауы тиіс.

Сақтандыру ұйымы ЖКО туралы хабарламаны алғаннан кейін тез арада оны есепке алу журналына тіркеуге міндетті.

Сақтандыру компаниясы өзінің өкілдерін көлік оқиғасының орнына жіберуге құқылы.

Одан әрі, жәбірленуші мен жол полиция қызметкерлеріне КҚИ АҚЖМС шарты жасалған сақтандыру ұйымының атауы мен орналасқан жерін хабарлау керек. Сақтандыру компаниясына сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жәбірленушіні хабардар еткен жөн. Сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығының сақтандыру ұйымына өтуін қамтамасыз ету керек.

КҚИ АҚЖМС шартымен Қазақстан Республикасының зағңдарына қайшы келмейтін басқа міндеттер де қарастырылуы мүмкін.

Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы..

Көлік оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгі нысандарын Сіз интернетте (adilet.zan.kz) көре аласыз.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13