^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 25 наурыз 2017
 
     
 
Әлеуметтік сала / Сақтандыру / Авто иелерін міндетті сақтандыру шарты бойынша төлемдер

Авто иелерін міндетті сақтандыру шарты бойынша төлемдер

Сақтанушы сақтандыру төлемін алу үшін Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңымен қарастырылған құжаттар пакетін қосымша бере отырып, жазбаша өтінішті ұсынуы керек.

Бұл ретте сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрленушiден Заңмен қарастырылмаған басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейтінін есте сақтаңыздар. Сіздің назарыңызды жоғарыда аталған құжаттарды жинау мен ұсынуды сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) басқа жәбірленушіде жүзеге асыруға құқылы екенін аударымыз.

Сақтандыру компаниясы өтініш берушіге ұсынылған барлық құжаттарпдың тізбесі мен оларды қабылдау күні көрсетілген анықтаманы беруге міндетті. Бұл сақтандыру компакнияларының сақтандыру төлемдерінің мерзімін сақтауға деген жауапкершіліктерін арттыру үшін жасалған және қатысушылардың жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырылмауына қатысыты сақтандыру шартының талаптарын бұзу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалау жүргізуге берілген өтініштің негізінде бағалайды. Бағалаудың нәтижесі сақтандыру компаниясы үшін міндетті болып табылады.

Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануға құқылы. Бұл ретте, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтереді.

Бағалауды жүргізуге арналған жеті күндік мерзім бұзылған жағлдайда тәуелсіз сарапшы өтініш берушіге тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу проценті мөлшерінде өтіп кеткен әр күн үшін тұрақсыздық айыппұлын төлейді.

Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өтініш берген кезде сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері табыс еткен өтініш негізінде мүлікке келтірілген зиян мөлшерінің аталған тұлғалар таңдаған тәуелсіз сарапшыда бағалануын он жұмыс күні ішінде өз есебінен ұйымдастырады.

Мүлкіне зиян келтiрiлген жәбірленуші өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлікті сақтауға және сақтандырушының бүлінген мүлікті тексеріп-қарауына, сондай-ақ тәуелсіз сарапшының келтірілген зиянға бағалау жүргізуіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi екенін білген маңызды.

Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.

Сақтандыру компаниясы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.

Егер сақтандыру ұйымы келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын он жұмыс күн ішінде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді дербес пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.

Бұл ретте, сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13