^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қаңтар 2017
 
     
 
«Авто иелерін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері»

«Авто иелерін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМС) шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері»

Азаматтарға, Сақтандыру сомасы – ол сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы екенін білген маңызды.

Бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктiң шектi көлемi айлық есептiк көрсеткiшпен (АЕК) анықталады және КҚИ АҚЖМС Заңына сәйкес мынаны құрауы тиіс:

1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуына – 1000 АЕК,
мүгедектiктiң:
I тобы белгiленуiне – 800 АЕК, II тобы белгiленуiне – 600 АЕК, III тобы белгiленуiне – 500 АЕК, "мүгедек балаға" – 500 АЕК.

2) мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Бұл ретте, сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 АЕК-ті құрауы тиiс;

3) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес, ал бір неше жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 20 00 АЕК-тен көп емес. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.

Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға 100 АЕК мөлшерінде жерлеу шығыстарын өтейдi.

Сақтандырушы сақтандыру төлемiн Заңмен көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.

Кейбір жағдайларда ЖКО салдарынан зиян бірнеше жәбірленушінің мүлігіне тиюі мүмкін. Бұндай жағдайда сақтандыру компаниясы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті. Аталған норма тәртіпті жәбірленушілердің жағдайын жақсарту үшін енгізілген.

Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы. Әрбiр сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандыру компаниялары жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға, яғни 600 АЕК-тен көп болмауы тиiс.

Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандыру компаниясы Сіз төлем талабын ұсынған күннен бастап же ті жұмыс күні ішінде сізге бас тарту себептерiнiң дәлелдi негiздемесi келтiрiлген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.


 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz