^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қаңтар 2017
 
     
 
Сату туралы хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

«Алматы қаласы Қаржы басқармасы» КММ 2016 жылғы 14 маусымда, сағат 10:00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб - порталында Алматы қаласы коммуналдық меншігінің жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағаны көтеру аукционына Алматы қаласы коммуналдық меншігінің келесі жылжымалы мүлік объектілері қойылады:

Атауы

Мемл. нөмірі

Шығарылған жылы

Бастапқы баға

Кепілді жарна

Теңгерім ұстаушысы - Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ «Алматы қаласының Құтқару қызметі» МКК

1

Ваз 2106

A851CE

2002

61 500

9 225

2

Ваз 21060

А660CN

2003

226 900

34 035

3

Ваз 21213

A483 EF

2003

388 600

58 290

4

Ваз 21213

A439CV

2003

377 000

56 550

5

Газ 2705242

А436CV

2002

693 600

104 040

6

Газ 27057

A423CV

2002

767 000

115 050

7

Газ 31105

A468HP

2005

397 400

59 610

Теңгерім ұстаушысы - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің «Автошаруашылық» ММ

8

Volkswagen Bora

А292КР

2005

390 000

58 500

9

Audi A6

A575KP

2006

971 000

145 650

Теңгерім ұстаушысы - Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ «Алматы қаласының Құтқару қызметі» МКК

Атауы

Мемл. нөмірі

Завод тық нөмірі

Бастапқы баға

Кепілді жарна

10

«Ми -34С» тікұшағы

2002

9783034203001

17 673 795

2 651 070

1 1

«Ми -34С» тікұшағы

2002

9783034203002

21 165 305

3 174 796

Аукцион қатысушыларын тіркеу хабарлама шыққан күннен басталып 2016 жылғы 1 4 маусымда сағат 8:00-де аяқталады.

Кепілді жарна бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына салынады, «Казкоммерцбанк» АҚ, KZ529261501102032004, БСК:KZKOKZKX, КНП:171, Кбе:16, төлем алушысы: «Ақпараттық - есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызметтер төлемі кірмейді).

Сатушы мынадай жағдайларда:

1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда;

2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға (аукционға, тендерге немесе жабық тендерге қатысушы) немесе сатушыға (екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушы) өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.

Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді белгіленген нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының осы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Тізілімнің веб-порталы аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын жояды.

Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.

Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан кем тіркелсе және қатысса (жалғыз қатысушыға жекешелендіру объектісін сатуға жол берілетін аукцион бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.

Бағаны көтеру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері бойынша комиссиясымен белгіленген қадамға (10%) жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі Мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері бойынша комиссиясымен белгіленген қадамға (10%) жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 97, 14 каб. мекенжайы бойынша қол қойылады.

Аукционның өткізілуі туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (87272)722348.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

«Алматы қаласы Қаржы басқармасы» КММ 2016 жылғы 2 маусымда, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін www.gosreestr.kz. мемлекеттік мүлік тізілімінің веб - порталында Алматы қаласы коммуналдық меншігінің жылжымалы мүлік объектілерін сату бойынша тендер өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тендерге қолданыстағы қызмет бейінін сақтау шартымен Алматы қаласы коммуналдық меншігінің келесі объетілері қойылады:

- «Алматы» баскетбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% мөлшердегі мемлекеттің қатысу үлесі. ЖШС Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Мәуленов көш., 92 үй, 405 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 8 723 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 1 308 450 теңге;

- «Алматы» волейбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 100% мөлшердегі қатысу үлесі. ЖШС Алматы қаласы, Қалдаяқов көш., 79 үй мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 14 428 000  теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 2 164 200 теңге;

- «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алматы» мамандандырылған регби клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорын Алматы қаласы, Абай даңғ., 159 үй, 4 корпус, 1 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 5 844 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 876 600 теңге;

- Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Айсұлу» әйелдер хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорын Алматы қаласы, Абай даңғ., 48 үй, 30 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 14 266 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 2 139 900 теңге;

- «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алматы» гандбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорын Алматы қаласы, Сәтбаев көш., 29/3 үй, 89, 90 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 4 819 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 722 850 теңге;

- «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алматы» хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорын Алматы қаласы, Абай даңғ., 48 үй мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 9 074 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 1 361 100 теңге;

- «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының « Халықтық - ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру - сауықтыру клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорын Алматы қаласы, Фурманов көш., 103 үй, 515 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан (жалға алады). Бастапқы баға - 12 294 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдікті жарна - 1 844 100 теңге.

Аталған ұйымдардың мемлекеттік басқару органы – «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы болып табылады» КММ.

Сипаттарымен қоса толығырақ ақпаратты Алматы қаласы әкімдігінің www.almaty.gov.kz және Алматы қаласы Қаржы басқармасының www.depfin.kz сайттарынан, сондай-ақ 272-23-48 телефоны бойынша алуға болады.

Үш жыл мерзіміне бөліп төлеуге рұқсат беріледі, бұл ретте бастапқы жарна мөлшері сату бағасының он бес пайызынан кем болмауы тиіс.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама шыққан күннен басталып 2016 жылғы 2 маусымда сағат 8:00-де аяқталады.

Кепілді жарна бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына салынады, «Казкоммерцбанк» АҚ, KZ529261501102032004, БСК:KZKOKZKX, КНП:171, Кбе:16, төлем алушысы: «Ақпараттық - есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455 (кепілдікті жарна мөлшеріне банктік қызметтер төлемі кірмейді).

Сатушымен мынадай жағдайларда:

1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда;

2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiкті жарна қайтарылмайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға (аукционға, тендерге немесе жабық тендерге қатысушы) немесе сатушыға (екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушы) өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.

Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.

Тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғары да көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда - саттыққа қатысуға өтінімді белгіленген нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар:

1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;

2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы да сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының осы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің немесе жабық тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердің нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 97, 14 каб. мекенжайы бойынша қол қойылады.

Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.

Тендердің өткізілуі туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (87272)722348.


 
     
   
 
   
Сервисы Казпочты
 
 
 
 
Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2015 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4 Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz