^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 ақпан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы мен Ташкент сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады
21 желтоқсан 2016

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ташкент қаласының хәкімі Рахмонбек Усмановпен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени – гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында мегаполис әкімі биылғы жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артып, 200 млн. АҚШ долларын құрағанын, қалада 129 бірлескен және 236 өзбек кәсіпорындарының жұмыс жасайтындығын жеткізді.

«Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы, мұнда банктердің бас офистерінің 90% -дан астамы орналасқан. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, биыл ШОБ-ті несиелеу 36%-ға өсті.Инвесторларды қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асуда. Туристік кластерді дамытуға айрықша назар аударылуда, осы ретте Ташкенттің, жалпы Өзбекстанның тәжірибесі біз үшін пайдалы», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Р.Усманов Алматының қолжетімді баспана салуда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Фотография

«Қазақстанда қолға алынған «Қолжетімді баспана – 2020» өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл мәселе Ташкентте барынша акутальді, біз сөз жоқ, бірқатар механизмдерді өзімізге енгізетін боламыз», - деді ол.

Атап өтерлік жайт, осыдан бір ай бұрын Алматы әкімі Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесу барысында өзбекстандық спортшыларды 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға шақырған болатын. Осы жақын күндері көрші республика спортшылары Ойындарға қатысатындықтарын растады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының Вознесенский кафедралды соборын екі жүзден астам жарық көздері нұрландырады »»
22 ақпан 2017 - 21:19
Жақында Алматыда 28-ші гвардияшыл - панфиловшылар паркінде орналасқан Вознесенский соборын нұрландырып тұратын жарық көздері салтанатты түрде іске қосылды. Шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек , Астана мен Қазақстанның митрополиті Александр, қалалық мәслихат депутаты Артур Котенев жәнге басқалары қатысты. Республикаолық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енген, ағаштан жасалған әлемдегі биік православ храмын екі жүзден астам жарық көздері нұрландырады. Атап өтерлік жайт, бюджеттен тыс қарж...
Алматы әкімі мегаполистің 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылады »»
20 ақпан 2017 - 17:04
Республика Сарайында Алматы әкімі Бауыржан Байбектің халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында мегаполистің өткен жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды, сонымен қатар таяуда және ұзақ мерзімді болашақта атқарылатын жоспарлар туралы айтылды. Алматы бүгінгі күні ІЖӨ -нің бестен бір бөлігін береді, екінші деңгейлі банктер несиесінің 60% -ын қамтамасыз етеді, көтерме және бөлшек сауда операциясының 40% -дық көлемін, сыртқы сауда айналымының үштен бі...
Алматы әкімі Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесті »»
17 ақпан 2017 - 14:35
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісі Зулкифли Бахарудин мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Қала әкім Сингапурдың инвестиция тарту, қаржылық қызметті және туристік кластерді дамыту жөніндегі тәжірибесі Алматы үшін қызықты екенін айтты. Кездесу барысында Сингапур Елшісіне Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың, «Инновациялық технологяилар паркі» АЭА-тың әлеуеті, сондай-ақ қаланы дамы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13