^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 28 мамыр 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі жаңартылды
29 желтоқсан 2016

Қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі жаңа экскаваторлармен, автокрандармен, самосвалдармен және басқа да арнайы машиналармен жаңартылды, олардың бір бөлігі Қазақстанда шығарылған әрі сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейді. «Алматы Жылу желісі» ЖШС-нің автопаркі 200 техника бірлігінен тұрады, 30%ға жаңарды, яғни 630 млн. теңгеге 61 арнайы техника бірлігі алынды. Қатқыл тұрмыстық қалдықтарды жинайтын әрі сыртқа шығаратын «Тәртіп» АҚ-ның автопаркі де 32 жаңа техника бірлігіне ие болды.

Жаңа техника Алматының жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қысқа мерзім іщінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқыс жағдайлар болған кезде мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Атап өтерлік жайт, «АлТС» автопаркінде алғашқы ассенизатор да пайда болды, соның арқасында ыстық суды сору кезінде апатты жағдайдың уақытын 15%-ға қысқартады.

Жылжымалы апатты зертханалар барынша үнемді әрі толық жабдықталған. Мұнда миниэлектростанция, дәнекерлеуші агрегат, насосты қондырғы сынды инвентарьлар жеткілікті, ол Euro 4 стандартты бензинімен жүреді, сұйытылған газды да пайдалануға болады, барынша жіті қимылдайды және көшелер мен аулалардағы құбырлардың кемшіліктерін тез табады және жөндейді.

Фотография

Барлық техника GPS-навигаторымен жабдықталған. Бұл тәуліктік кесте барысында ақау болған жерді тез анықтауға және шақырылған мекенге жедел жетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні мегаполистің жылу желісінің ұзындығы 1200 км, оларға 53 көшпелі бригада қызмет көрсетеді. Бірыңғай диспетчерлік қызмет (109) апатты қызметтің жұмыс жеделдігін арттырды, қалалықтарға қызмет көрсету сервисін жақсартты. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде қалада 125 км жылу желісі қайта жасалды, соның арқасында апатты 15%-ға, техникалық шығынды 7%-ға қысқартуға қол жетті.

Фотография

Тұрмыстық қтатқыл қалдықтарды жинайтын және шығаратын «Тәртіп» АҚ-ның автопаркі де 32 жаңа техника бірлігімен жаңартылды. Инвестиция құны 581 млн. теңге.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласын дамытуға үнемдеу және салықты артығымен жинау есебінен қосымша қаржы бөлінді »»
25 мамыр 2017 - 18:00
Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды. Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыруға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-...
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады
25 мамыр 2017 - 17:15
Алматының 8 ауданында биыл 472 жаңа аула алаңдары салынады. Аула аумақтарын аббатандыру жөніндегі қалалық бағдарлама аясында балалар және спор алаңдары, тренажерлер мен ойын кешендері пайда болады. Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады. «Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жа...
Алматы мектептерінің 7804 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2017 - 14:53
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан №169 мектептің салтанатты жиынында болды. Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты. «Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігі...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13