^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 24 шілде 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 салтанатты түрде жабылды
08 ақпан 2017

«Алматы Аренада» жарысқа қатысушы әрі спорттық доданың бас кейіпкерлері - атлеттерге құрмет көрсетілді. Жабылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин және басқалары қатысты.

«28-ші Қысқы Универсиада бюджет шығындарын үнемдеуге қарамастан жоғары деңгейде өтті. Алматыға миллиардтан астам көрермен көз тікті. Біз қысқа уақыттың ішінде заманауи жоғары технологиялы нысандар салынғанының куәсі болдық. «Алматы Арена» және «Халық Арена», денсаулық сақтау мен мәдени обьектілер, тұрғын үйлер, халыққа қызмет көрсету орталығы алматылықтардың және еліміздің барша тұрғындарының игілігіне жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті өзінің сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезегінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиаданы жоғары деңгейде өткізген Алматыға алғысын айтып, алдағы уақыттарда да биік жетістіктерден көрінуіне тілек білдірді.

«Қайырлы кеш, Алматы! Қысқы Универсиада тарихының тағы бір парағы жабылды. Он екі күн бойы жарыс өтті, міне енді осынау ерекше спорттық шараны ұйымдастырғандарға алғыс білдіретін уақыт та келді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жарысты жоғары деңгейде өткізген Қазақстан Үкіметіне ризашылығымды білдіремін. Барлық еріктілерге жанқиярлықтары, ерен еңбектері мен мейірімді көңілдері үшін жеке рахмет айтамын. Ойындарды жоғары деңгейде өткізу үшін қала қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен Алматыдағы Универсиаданы ерекше еткен негізгі фактор бұл емес, бастысы – айтып жеткізуге болмайтын ғажайып ахуал. Мен Алматыға Универсиаданың пайда әкелетініне сенімдімін. Үлкен рахмет!», - деді Олег Матицин.

Салтанатты рәсім барысында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туы алдағы қысқы Универсиада астанасы - Красноярск қаласына ресми түрде берілді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек туды FISU президенті Олег Матыцинге табыс етті, ал ол өз кезегінде оны Красноярск мэрі Эдхам Акбулатовтың қолына ұстатты.

«XXVIII Қысқы Универсиада ойындарының сәтті өтуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – барлық командалар бірге жеңіске жеткен айтулы күн. Әлемдік Универсиада тарихының тағы бір мазмұнды парағы жабылғалы тұр. Осы жобаның іске асуына тікелей қамқор болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, ел үкіметіне алғысымыз шексіз. Халықтың ыстық ықыласы – біз үшін ең үлкен баға. Дүбірлі доданы өткізуге тікелей атсалысқан FISU халықаралық ұйымының өкілдеріне, Қазақстанның студенттік спорт федерациясына, еріктілер мен студент жастарға, жанкүйерлерге алғыс білдіреміз. Келесі Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2019 жылы Ресейде алғаш рет өтеді. Қысқы студентік Ойындар Эстафетасын Красноярск – Сібірдің тамаша қаласы қабылдайды. Біз Красноярскіні Универсиаданы лайықты өткізетін мегаполистердің бірі ретінде білеміз. Қала - Ресейдің ірі ғылым, білім және спорт орталығы. Алматыға Красноярскіден үлкен делегацияның келгеніне қуаныштымыз. Универсиада арқасында біз бірімізді- біріміз жете таныдық. Достығымыз ұлғайды. Бұл - екіара ынтымақтастықтың басы ғана, болашақта спорттық қана емес, экономикалық, мәдени байланыстарды дамытатын боламыз. Болашақта Ойындарды жоғары деңгейде өткізулеріңе тілектеспіз. Алматы Унивесриада өткізудегі тәжірибесімен бөлісуге, қолдау көрсетуге қашанда дайын», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Красноярск мэрі Эдхам Акбулатов қаланың Универсиаданың лайықты астанасы бола алатындығын жеткізді.

«Біз осынау жолда бар күш - жігерімізді жұмсаймыз. Мен жас спортшылардың арманын жүзеге асыратын, жаңа чемпиондарды тәрбиелейтін, планета жастарын топтастыратын FISU-ға өзімнің жеке алғысымды білдіремін! Мен шығысқа тән қонақжайлылықпен, ерекше ахуал орнатқан Алматыға ризамын, мұнда тілмен айтып жеткізуге болмайтын спорттық жеңістер, шынайы адами эмоциялар қалыптасты! Красноярск та Универсиаданы жоғары деңгейде өткізеді деген сенімдемін» , - деді Эдхам Акбулатов.

Жабылу салтанаты аясында телекөрермендер мен кеш қонақтары үшін «Ұлы дала құпиясы» атты фолк пен этно симбиозы қосылған арнайы шоу қойлымы көрсетілді. Ардақ Балажанованың репертуарындағы дәстүрлі ән «Ұлытау» тобының, Жәмилә Серкебаеваның және 150 барабаншының рок –әуені арқасында өзгеше сарынға ие болды.

Қазақстан Республикасының әнұраны ойналған соң «Алматы Аренада» әлемнің 57 елінен келген 2000-нан астам атлеттердің спортшылар шеруі өтті.

Алматыдағы қысқы студенттік ойындар Қазақстанға рекордтық сандағы медальдар әкелді – 26 марапат, оның 11 алтын, 8 күміс және 7 қола медальдар.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


«Алматы» ӘКК-сы басқармасының жаңа төрағасы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды »»
22 шілде 2017 - 12:10
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ-ның ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Мұхит Әзірбаевты таныстырды. Корпорацияның бұрынғы басшысы Мұрат Дәрібаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Мұрат Дәрібаевтың басшылығымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы 2016 жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет 3,4 млрд теңге көлемінде пайдаға қолжеткізді. Соңғы жылы 423,8 млн теңге салық төленді, ал ...
10 мың алматылық отбасы 2017-2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады »»
21 шілде 2017 - 09:37
Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары сүрілуі тиіс ескі үйлерге қатысты жасалған жаңа бағдарлама аясында қала аумағындағы 1034 ескі құрылысты қайта жаңарту бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырығ...
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
18 шілде 2017 - 15:21
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Бұған дейін әкімнің орынбасары лауазымында болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Румиль Тауфиковке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді, кейін белгілі болатын жаңа қызметіне табыс тіледі. Атап өтерлік жайт, Румиль Тауфиков жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшылық жасай отырып, қаланың көлік құрылымын реформалауды белсен...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13