^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 28 мамыр 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамы Халықаралық Федерациясының Еуропалық конференциясы өтеді
15 ақпан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қызыл Крест және Қызыл Жартыай Қоғамының Бас директоры Елена Киммен кездесті. Кездесу барысында тараптар ұйымның өткен жылғы жұмыс нәтижелерін және болашақта өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Өткен жылы қала әкімдігі мен Алматының Төтенше жағдайлар департаменті және Қызыл Жартыай Қоғамы арасында бірқатар бағыттар бойынша,соның ішінде ТЖ зардаптарын жоюға қатысты бірлесіп жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойылған болатын.

Елена Ким өзінің сөзінде Қызыл Жартыай қоғамының жер сілкінісі зардаптарының алдын алуға, алғашқы көмек көрсетуге қатысты 42 тренинг, түрлі қоғамдық шаралар өткізгенін, ақпараттық материалдардың таратылғанын айтты.

«Қала тұрғындарына медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету үшін біздің тарапымыздан жалпы сомасы 126,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілді, яғни тұрмысы төмен отбасылардың балалары мектеп формасымен, тегін тамақпен қамтамасыз етілді, патронажды медбикелер туберкулез сырқатына шалдыққандарға медициналық көмек көрсетті, босқындардың денсаулығы жақсартылды, әлеуметтік жағдайы төмен жандар бірінші кезекте қажет тауарлармен қамтамасыз етілді», - деді.

Кездесу барысында Елена Ким қала басшысына Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамы Халықаралық Федерациясының (МФОККиКП) Бас директоры Алхаджа Ас Сидің атынан жолданған хатты тапсырды, онда Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамы Халықаралық Федерациясының (МФОККиКП) 2018 жылғы көктемде мерейлі X-ші Еуропалық конференциясын өткізу үшін Алматының таңдалғандығы айтылған.

Өз кезегінде қала әкімі мұндай конференцияны өткізу Алматының өңірлік хаб ретіндегі беделін арттыратынын және қаланы одан әрі дамытуға экономикалық жағынан әсер ететінін атап өтті.

Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамы Халықаралық Федерациясының Еуропалық конференцияның құрамына Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамының 52 ұлттық ұйымы енген. Халықаралық алқалы шараға Федерацияға мүше елдердің өкілдері, БҰҰ-ның және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде. Аталған форумды өткізуге Алматымен қатар Испаняның Мадрид қаласы да үміткер болған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласын дамытуға үнемдеу және салықты артығымен жинау есебінен қосымша қаржы бөлінді »»
25 мамыр 2017 - 18:00
Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды. Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыруға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-...
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады
25 мамыр 2017 - 17:15
Алматының 8 ауданында биыл 472 жаңа аула алаңдары салынады. Аула аумақтарын аббатандыру жөніндегі қалалық бағдарлама аясында балалар және спор алаңдары, тренажерлер мен ойын кешендері пайда болады. Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады. «Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жа...
Алматы мектептерінің 7804 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2017 - 14:53
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан №169 мектептің салтанатты жиынында болды. Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты. «Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігі...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13