^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 шілде 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Француздың «Leroy Merlin» ритейлері Алматыда гипермаркет ашады
16 ақпан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Леруа Мерлен Восток» компаниясы бас директорының орынбасары Марк Лушемен кездесті. Әлемдік алпауыт – «Leroy Merlin» француздың ритейлері Алматыда құрылыс, үйді әрлеу мен жөңдеу тауарларын және 17,5 мың шаршы метр бақшаны өңдеуге қажет заттарды сататын гипермаркет ашады.

Қала басшысы «Leroy Merlin» сынды компанияның келуі өте маңызды әрі оның бренді мегаполистің экономикасы мен келбетіне оң өзгеріс әкелетінін, технология, инновация, білім бағыттарын дамытатындығын айтты.

Компания дүкен сөрелеріне қазақстандық сипаттағы тауарларды қоятын болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Leroy Merlin» Алматыдағы 150 тауар өндірушілермен бизнес-конференция өткізіп, өзара ынтымақтастық, локальді өндірушілер стратегиясын дамыту, өнім жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптарды күшейту мәселелерін талқылады.

«Біз үшін дүкен ассортиментіне отандық өндірушілер тауарларын қою және жергілікті өндірушілер ісін дамытуға ықпал ету маңызды. Орта есеппен біздің дүкендерімізде 35 мыңға дейінгі тауар түрлері болады, сондықтан қазақстандық компаниялардың өздерін көрсете алуларына мүмкіндік мол», -деді Марк Луше.

Қазақстандағы «Leroy Merlin»гипермаркетінің құрылысы қаладан шыға берістегі «Aport» молласы аумағында салынады. Халықаралық компания өз жобасын жүзеге асыруға 10 млрд. теңге жұмсап, 350 тұрақты жұмыс орнын ашады.

«Leroy Merlin» - әлемдік нарықтағы бес бағыт - үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу, бақша бойынша жұмыс жасайтын әрі дүниежүзінің 12 елінде 97 мың қызметкері бар жетекші француздық топ. 2015 жылы компанияның тауар айналымы 17,6 млрд. евроны құрады.

Назарларыңызға, Алматыға соңғы жылдары 12 транссұлттық компаниялар келді, олар - McDonald’s, Carrefour, Starbucks, Evonik, Veolia, OBI, Staay Food Group, Medical Union Pharmaceuticals, Hikma Pharmaceuticals, Tokyo Rope Almaty, ЭФКО-Алматы, Leroy Merlin.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдылық беретін қала көшелерін қайта жасаудың барысын тексерді »»
26 шілде 2017 - 15:26
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншіге басымдылық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының қайта жасалуын тексерді, мердігер ұйымдардың назарын жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына аударды. Қала әкіміне қазіргі кезде жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарының аяқталғаны,арық лотоктарының төселгені, кеспе тастар негізінің жасалғаны, көше жарығы желілерінің тартылғаны, құрғақ сұбұрқақтардың іске қосылғаны баяндалды....
Алматыда «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді »»
25 шілде 2017 - 14:19
Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді, бұл шараға қаланың 100 сауда орталықтары мен 15 мейманханасы қатысады. Осы фестивальге қатысушылардың барлығында киім, техника, аксесуарлар арзандатылған бағамен сатылады, тауарлар ассортимент кең. Сауда орындарында тауар ктаегориясына қарай олардың бағасы 80% ға дейін төмендетілген, ал қонақүйлер қызметі 40%-ға дейін арзандаған. Ф...
Алматыда халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді »»
25 шілде 2017 - 13:17
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында 28-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайынғы халықаралық «international Mountain Sports Festival» фестивалі өтеді. Халықаралық фестиваль форуммен ашылады. Алқалы жиында Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мегаполистегі тау шаңғысы туризмін дамыту жоспарымен бөліседі, «ТВЭЛ-курорт» компаниясының бас директоры, фритсайлдан Санкт-Петербург Федерациясының вице-президенті,Сочи Олимпиадасы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13