^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қыркүйек 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесті
17 ақпан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісі Зулкифли Бахарудин мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Қала әкім Сингапурдың инвестиция тарту, қаржылық қызметті және туристік кластерді дамыту жөніндегі тәжірибесі Алматы үшін қызықты екенін айтты.

Кездесу барысында Сингапур Елшісіне Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың, «Инновациялық технологяилар паркі» АЭА-тың әлеуеті, сондай-ақ қаланы дамыту жөніндегі «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық ісі сөз болды.

«Бұл менің Алматыға алғашқы сапарым, байқағаным қала тұрақты дамып келеді екен. «Смарт сити» саласында бірігіп жұмыс істеуге біздің сингапурлық компаниялар ынталы деп ойлаймын, өйткені біздің осы бағыт бойынша жинақтаған мол тәжірибеміз бар», - деді З.Бахарудин.

Сингапур Республикасының Елшісі нақтылы жобалар бойынша әңгімелесу үшін ҚР-на сингапурлық бизнесмендер делегациясының келуін ұйымдастыруды ұсынды.

2016 жылы Алматы қаласы мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 21,4 млн. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың ақпан айындағы көрсеткіш бойынша қалада 58 біріккен және 23 сингапурлық кәсіпорындар тіркелген.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Қала күні мерекеленуде
17 қыркүйек 2017 - 14:07
Алматыда Қала күні аясында жыл сайын 200 мыңнан асатын қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын «AlmaFest – 2017» дәстүрлі алма фестивалі өтуде. Фестиваль барысында «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапттау салтанаты өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматының мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін атап өтті. Осының барлығы мегаполисті өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен етуде. «Алматыда туған, өсіп-өнген және осында ...
Алматыда Depo Evolution Parkте жастардың лофт - орталығы ашылды »»
15 қыркүйек 2017 - 20:45
Алматыда ««Рухани жаңғыру»» бағдарламасы және қала жастарын қолдаудың Жол картасы аясында бұрынғы трамвай депосының орнында жастардың лофт- орталығының бірінші кезегі ашылды. Дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысқан «Art Energy Almaty» - «WORK IN PROGRESS» фестивалі өтті. Жастардың лофт-орталығының бірінші кезегінде коворкинг-орталық, еріктілер қозғалысы орталығы, Creative Zone (жас суретшілер орталығы және галерея), жастардың ресурс орталығы жата...
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі жаңа орталық ашылды »»
15 қыркүйек 2017 - 15:01
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі «Almaty Zhastary» атты жаңа орталықтың ашылуына қатысты. Бұдан өзге, қала басшысы «Дүйсенбілік футбол-2017» жобасына қатысушылармен кездесті, осы жоба аясында мегаполистің сауда орындары командалары арасында мини- футболдан турнир ұйымдастырылды, ал мұндағы ойыншылардың басым көпшілігі - сырттан келген жастар. Жастардың жан- жақты жетілуіне әрі біліктілігіне, со...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13