^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі мегаполистің 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылады
20 ақпан 2017

Республика Сарайында Алматы әкімі Бауыржан Байбектің халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында мегаполистің өткен жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды, сонымен қатар таяуда және ұзақ мерзімді болашақта атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.

Алматы бүгінгі күні ІЖӨ -нің бестен бір бөлігін береді, екінші деңгейлі банктер несиесінің 60% -ын қамтамасыз етеді, көтерме және бөлшек сауда операциясының 40% -дық көлемін, сыртқы сауда айналымының үштен бір бөлігін қамтиды және мемлекеттік қазынаға түскен салық пен өзге де төлемдердің басым бөлігін береді. Жаһандық қалалардағыдай, Алматы да шикізатсыз экономика қалыптасқан, мұнда сауда мен қызмет көрсету саласы 80% -дан асады, осының өзі нақтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Сондықтан, әлемдік дағдарысқа қарамастан, 2016 жылы Алматының экономикалық өсімі 2,5%-дан асты.

«2016 жылы республикалық бюджетке 1259 млрд. теңге салық жиналды, 2015 жылмен салыстырғанда 21%-ға (223 млрд. теңге) көп, жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 9%-ға (31 млрд. теңге) артты. Бұл еңбекке ақы төлеу қорының 80 млрд. теңгеге ұлғаюымен тікелей байланысты. Біз инфляцияны бұғақтауға қол жеткіздік, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын аштық. Алматылықтардың орташа жалақысы 12%- ға өсіп,179 мың теңгені құрады. Осының барлығына Елбасының қолдауы және мемлекеттік Бағдарламалар мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында қол жетті», -деді Б.Байбек.

Алматыда 3,9 трлн. теңгенің дүние мүлкі мен ақшасы жария етілді, бұл республикалық көлемнің 68%-ы. Осының арқасында жария етілген активтер есебінен қала экономикасына жыл сайын 100 млрд. теңгеден астам салық түсетін болады.

«Жаһандық мегаполис болуға ұмтыла отырып, біз жайлы, қауіпсіз, әлеуметтік негізделген, экономикалық жағынан тұрақты қаланы қалыптастырудамыз. Қазірдің өзінде Алматының осы бағыттағы тәжірибесі әлемге таратылуда. Алматыны дамыту бағдарламасының механизмдері мен индикаторлары қала аумағын дамытудың үздік тәжірибесі ретінде БҰҰ-ның Азия- Тынықмұхит өңірі бойынша есебіне енген», - деп атап өтті Алматы әкімі.

2016 жылы бала бақшалар мен миниорталықтар саны 40%-ға, олардағы орын саны 10%-ға, 58,4 мыңға өсті. Тек бизнес есебінен ғана 2016 жылы 175 балалар мекемесі ашылды. Бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында әрі МЖС принципін пайдалану барысында жеке коттедждер мен нысандарда қазірдің өзінде 96 миниорталықтар ашылған, бұл бюджетті 10,5 млрд. теңгеге үнемдеуге қолжеткізді. Қала құрылысы кеңесі бекіткен жобалар бойынша 24 көп пәтерлі тұрғын үйлерде 5,3 мың орынды 37 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері пайда болады, олардың тең жартысы қаланың (2120 орынды 19 бала бақша мен орталықтар) коммуналды меншігіне беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тапшылығын азайту мақсатында 1415 орынды 7 бала бақша салынады, бұған жергілікті бюджеттен 4 млрд. астам теңге бөлінді.

2017 жылы 7 мектеп құрылысы басталады, олардың 5 қалаға қосылған елді мекендерде бой көтереді. Бұл мектепке қосымша 5,5 оқушы қабылдауға мүкіндік беріп, оқушы орнының тапшылығын 11%-ға қысқартады. Биылғы жылы Алмалы және Бостандық аудандарындағы жалпы білім беретін 22 мектеп пен 6 бала бақшаның сейсмикалық қуаты күшейтіледі.

2016 жылы денсаулық сақтау саласына 92,1 млрд. теңге бөлінген болатын, жыл ішіндегі өсім 31,2%-ды құрады. 2015 жылмен салыстарғанда 9 есе көп медициналық қондырғылар алынды. Жалпы, медицина орындарының жарақтануы 78,4% (Қазақстан бойынша – 72,3%). Келер жылы да қаржы көлемі осы деңгейде қалады. Бұлардан өзге, онкологиялық диспансердің қуаты 8 есе артады, жарық терапиясының замануи қондырғылары орнатылады. Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхананың, Алатау ауданында моргтың құрылыстары басталады. 9 нысанның сейсмикалық қуатын күшейтуге 2,5 есе көп қаржы бөлінді. 2017 жылы 3 сел ден қорғау плотин асы мен бір бір қорғаныс нысанының құрылысы да жоспарланған.

Қалада екінші жыл қатарынан тұрғын үй салу рекордтық көлемге жеткен, 2016 жылы 1,9 млн. м2 үй салынған, өсім 36%, бұл - 14,2 мың пәтер. Үй кезегінде тұрғандарға  3156 пәтер берілді, кезек 17%-ға қысқарды. Биыл Атлеттер ауылын қоса есептегенде 1,5 есе (4967 пәтер) артты. Алғаш рет пәтер кезегі қағаздан электронды форматқа ауыстырылды. 

Қала көлік құрылымын дамыту мен модернизациялауға да елеулі қаржы бөлуде. 2018 жылы салынатын екі жол айрығы Кіші айналма жолды қалыптастырып, көлік легін азайтады, Алтын Орда аумағында Алматы- Бішкек жол трассасын кеңейту мұндағы көлік өткізу қабілетін арттырады. Бұлардан өзге БАКАД құрылысы да транзитті потенциалды күшейтіп, көлік- логистикалық хаб ретіндегі агломерацияны қалыптастырады.

Көлік мәселесін шешу қала экологиясына да оң әсер етеді. 2016 жылы көліктен шығатын газдардың залалын тексеру жөніндегі бақылау күшейтілді. Соның арқасында 136 млн. теңге (айыппұлдың 82%) айыппұл өндірілді. Бүгінгі күні қоғамдық экологиялық таза көліктің үлесі 60% - олар 215 троллейбус, 739 автобус. Қала автозаправкаларының төрттен бірі газ отынын өткізеді, 2017 жылы олардың санын арттыру көзделген. Қазірдің өзінде электромобильдер үшін 27 заряд ты станци ялар орнатылған. Бүгінгі күні қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде қала аумағының 95%-дан астамы газдандарылған, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13