^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 28 мамыр 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Үндінің «Jaypee Group» ірі компаниясы Алматымен ынтымақтастыққа ниетті
24 ақпан 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үнділік «Jaypee Group» конгломератты компаниясының басқарушы директоры Санни Гор мырзамен кездесті. Кездесу Қазақстан мен Индия арасындағы елшілік қарым- қатынастың 25 жылдығы қарсаңында өтті.

Кездесу барысында Санни Гор мырзаға Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеті көрсетілді, «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық сөз болды.

«Бүгінгі күні Қазақстан бизнесті одан әрі дамытудың әлеуеті болып табылады, сондықтан ел нарығы бізді қызықтырады. Біз Астана мен Алматыда және өзге өңірлерде жұмыс істегенді қалаймыз. «Jaypee Group» компаниясы Үндіде 45 жыл бұрын қабырғасын қалаған болатын, ол құрылыс, энергетика, цемент шығару, қонақүй бизнесі, жүрдек магистральдерді салу, пайдалануға беру, білім, медициналық қызмет көрсету салаларымен айналысады. Біз Қазақстанда бірігіп жұмыс істеу үшін нақтылы жобаны анықтайтын боламыз», - деді Сани Гор.

Сани Гор Алматының медицина саласындағы потенциалы жоғары екендігін, осы сала бойынша бірігіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтты.

Қала әкімі Алматының «Jaypee Group» компаниясының құрылыс, туристік кластер, білім және медициналық туризм бойынша тәжірбесіне қызығатынын жеткізді.

2016 жылы Алматы қаласы мен Үнді арасындағы тауар айналымы 190 млн. АҚШ долларын құрады. Қалада бүгінгі күні 73 біріккен және 250 үнділік кәсіпорындар тіркелген.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласын дамытуға үнемдеу және салықты артығымен жинау есебінен қосымша қаржы бөлінді »»
25 мамыр 2017 - 18:00
Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды. Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыруға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-...
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады
25 мамыр 2017 - 17:15
Алматының 8 ауданында биыл 472 жаңа аула алаңдары салынады. Аула аумақтарын аббатандыру жөніндегі қалалық бағдарлама аясында балалар және спор алаңдары, тренажерлер мен ойын кешендері пайда болады. Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады. «Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жа...
Алматы мектептерінің 7804 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2017 - 14:53
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан №169 мектептің салтанатты жиынында болды. Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты. «Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігі...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13