^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 28 наурыз 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасымен кездесті
16 наурыз 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Абдел Вахаб Абдель Разек пен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени- гуманитарлық бйланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

«Бүгінгі күні Алматы әлемнің дамыған 600 мегаполистерінің қатарына енген, біздің қаламыз сапалы сервис пен қызметтің, өңірлік қаржының орталығы, мұнда заң тұрғысында инвесторлар үшін барлық жағдайлар жасалған. Египет азаматтарының қалаға, әсіресе туризмге қатысты іскерлік белсенділігі арта түседі деп ойлаймын», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Абдел Вахаб Абдель Разек Қазақстандағы соңғы конституциялық өзгерістерді жоғары бағалады.

«Екі елдің өздеріне ғана тән тарихы бар, бірақ қандай жағдайда да байланыс үзілмейді. Менің бүгінгі сапарым Қазақстанның басты заңды құжатына өзгеріс енуімен тұспа- тұс келіпті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі азаматтардың құқы мен бостандығын нығайтуға бағытталған өзгерістерді енгізудің бастамашысы болғандығы қуантады. Бұл - өзге мемлекеттерге жақсы үлгі. Маңызды құжатты талқылауға алматылықтардың белсенді түрде қатысқанын білеміз әрі қабылданған өзгерістердің Қазақстанның барлық азаматтарының жүрегінен лайықты орын алғандығына сенімдіміз», - деп атап өтті Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы.

Кездесу барысында египеттік тарап Алматы әкімін солтүстікафрика еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Анықтама үшін: 2016 жылы Алматы қаласы мен Египет арасындағы тауар айналымы 14,5 млн. АҚШ долларын құрады, қалада 12 біріккен және 16 египеттік кәсіпорындар тіркелген.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау көрсетудің мәселелері талқыланды »»
27 наурыз 2017 - 19:20
Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың бизнес қауымдастығының негізгі мәселелері талқыланған кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасының жыл сайын өтетін конференциясына қатысты. Бүгінгі күні Алматы сауда мен қызмет көрсету 80%-дан, ал ӨЖӨ 34%-дан, кіші және орта бизнестен түсетін салық 50%-дан асатын шикізаттық емес қала ретінде қалыптасты. 2017 жылы қаланы дамыту бюджеті 150 млрд. теңгеге жетіп, 26 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 4,5 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ет...
Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде мерекеленуде »»
22 наурыз 2017 - 16:58
Алғаш рет Наурыз мейрамы бірден екі алаңда: Астана алаңы мен Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында мерекеленуде. Салтанатты мерекелік шараларға 700 - ден астам артистер қатысуда, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, би топтары, танымал орындаушылар, көшпелі цирк артистері және басқалары бар. Екі алаңда да музыка аспаптарының, қыран құстардың, қазақ «тазыларының» көрмесі өтіп, қонақтарға бауырсақ, Науырыз көже берілуде. Алматы мен қала қонақтарын мегаполис әкімі Бауыржан Байбек мерекемен кұттық...
Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды »»
22 наурыз 2017 - 16:57
«Универсиада мұрасы» аясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «АҚ – ының» басқарма төрағасы Әнуар Омарходжаев Атлеттер ауылында пәтер мен сертификаттар тапсырды. Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңб...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13