^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 28 мамыр 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда №5 қалалық клиникалық аурухана базасы негізінде жаңа емхана ашылды
05 мамыр 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек №5 қалалық клиникалық аурухана базасында ашылған жаңа емханада болды. Медеу ауданында ашылған бұл емхана күніне 600-дейін келушіні қабылдап, 20 мыңға дейін сараптама жасайды.

Аурухананың бас дәрігері Болат Садықов кезекті тұруды азайту және келушілерге жайлы болу үшін регистратураны алып тастағандарын айтты.

«Арнайы оқудан өткен, қолдарында рациялары бар менеджерлер келушілерді ертіп жүреді және түрлі кеңестер береді. Бүгінгі күні біздің мамандар заманауи европалық жабдықтармен жұмыс жасауда. Мысалы, отоларингологтың кабинетіне солардың үздіктерінің бірі қойылды. Жалпы, нысан құрылысының және ондағы қондырғылардың құны 1,5 млрд. теңгені құрады», - деді Б.Садықов.

Төрт қабатты жаңа ғимаратта отбасылық, балалар денсаулығы, сурдологиялық, реабилитациялық орталықтар, физиодиагностикалық бөлім, күніне 20 мыңға жуық адамның сараптамасын жасайтын әрі 5 емдеу мекемесі бекітілген клиникалық-диагностикалық орталықтандырылған зертхана орналасқан.

«Бізге қажет жабдықтардың бәрі сатып алынды. Олардың арасында авторефлектометр бар, оның ерекшелігі екі айлық баланың да көз ауруын бірден анықтай алады. Тіпті, көздің қан қысымын анықтайтын аппарат та бар. Біз енді бұрынғы ескі әдіс бойынша жұмыс істемейміз. Барлық жұмысты автоматты режимдегі қондырғылар атқаратын болады», - деді офтальмолог – дәрігер Елдос Түсіпбаев.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласын дамытуға үнемдеу және салықты артығымен жинау есебінен қосымша қаржы бөлінді »»
25 мамыр 2017 - 18:00
Алматыда VI-ші шақырылған мәслихаттың кезекті сессиясы барысында 2017 жылдың бюджеті нақтыланды. Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыруға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-...
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады
25 мамыр 2017 - 17:15
Алматының 8 ауданында биыл 472 жаңа аула алаңдары салынады. Аула аумақтарын аббатандыру жөніндегі қалалық бағдарлама аясында балалар және спор алаңдары, тренажерлер мен ойын кешендері пайда болады. Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады. «Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жа...
Алматы мектептерінің 7804 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды »»
25 мамыр 2017 - 14:53
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан №169 мектептің салтанатты жиынында болды. Оқу жылының аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты. «Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбае ең басты капитал адам екендігі...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13