^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 шілде 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қала тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен және ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтады
07 мамыр 2017

Алматыда Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Ежелгі дәстүр бойынша 28-ші гвардияшыл -панфиловшылар саябағына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер, курсанттар, еліміздің Қарулы Күштерінің қатарында әскери міндетін өтейтін болашақ жауынгерлер жиналды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөзінде Қазақстан Армиясының жыл санап қуатының арта түскенін, оның жаңа әскери қарулармен және әскери техникамен қамтамасыз етілгенін, әскери кадрлар біліктілігінің артқандығын,олардың әлеуметтік мәселелерінің шешіліп жатқанын ерекше атап өтті.

«Біз осыдан 25 жыл бұрын Алматыда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойғанын және әскерилерімізді мақтан етеміз. Мен ерліктері ғасырларға жалғасатын ардагерлерімізге айрықша алғыс айтамын. Біздің жастарымыз 20-ға толмаған аталарымыз бен әкелеріміздің туған жерін жаудан қорғау үшін майданға аттанғанын үнемі естерінде сақтаулары тиіс. Өмірге құштар өрім жастар кезінде дәрігер, мұғалім, ғалым болуды, отбасын құруды армандаған еді. Өкінішке орай, олардың басым көпшілігі майданнан қайтпады, армандарын орындай алмады. Отаны үшін жаны мен қанын қиғандардың арқасында мына біздер ашық аспан астында зор жетістіктерге жеткен ұлы елімізде өмір сүрудеміз», - деп атап өтті Б.Байбек.

Өз кезегінде Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің басшысы, генерал-майор Николай Қуатов еліміздің Қорғаныс Күштерінің қысқа мерзім ішінде орасан жолдан өтіп, нық қадам басқанын, мемлекеттің біртұтастығы мен қауіпсіздігінің өміршең институтына айналғандығын айтты.

Салтанатты шарада десантшы - әскерилер өздерінің шеберліктерін паш етті, ал ҚР Мемлекеттік Үрлемелі оркестрінің дефилесі көпшілікке ұнады. Шара соңында мерекеге қатысушыларға Астананың «Қазақ елі» алаңында өтіп жатқан әрі ел тарихындағы ең ауқымды әскери шеруден тікелей видео-трансляция көрсетілді.

Атап өтерлік жайт, Алматыда Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнінің 72 жылдығы, Отан қорғаушылар күні мен ҚР Қорғаныс Күштерінің 25 жылдығы ауқымды шаралармен атап өтілуде.

7-9 мамыр аралығында әскери мектептердің, колледждер мен жоғары сыныптардың құрметті қарауылдары ҰОС-на қатысушылар ескерткіштері жанында «Ескерткіш вахтасында» тұратын болады. Қаланың 8 ауданында патриоттық акциялар өтеді.

7-9 мамыр аралығында таңғы сағат 9-дан 28-ші гвардияшыл- панфиловшылар саябағында әскери техникалар көрмесі өтеді. Түрлі перфоманстар ұйымдастырылады, мұнда Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының 12 актері Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Иван Панфиловтың, Талғат Бигелдиновтың, Рақымжан Қошқарбаевтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Сергей Луганскийдің және басқаларының тірі образдарын сомдайды.

Даңқ мемориалы алдындағы алаңға алғыс айту стенді, фотоаймақтар, «Біз – батырлар_ұрпағымыз!», «Біз - жеңімпаздар ұрпағымыз» атты көлемді хэштегтер орнатылады.

9 мамырда таңғы сағат 10.00-де 28-ші гвардияшыл- панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау алдындағы алаңда Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Салтанатты шараға ҰОС-ның ардагерлері, құрметті қарауыл ротасы, әскери-үрлемелі оркестр және басқалары қатысады.Шара барысында қала тұрғындары қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алады, бұдан соң құрметті қарауыл шеруі басталады

9 мамырда сағат 12:00-ден «Мәңгілік полк» шеруі «Астана» алаңынан басталып, Төле би көшесінен Достық көшесіне дейін барып, төмен қарай 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына бет бұрады. ҰОС қатысушылардың суреттерінен өзге шеруде әскери қызметкерлер жинаған 164 суреттінің ішінен іріктеліп алынған 1941-1945 жылдардағы ҰОС батырларының 10 фотомозаикасы болады.

Сағат 20:00 дан 22:00-ге дейін «Тағзым!» атты әскери әндер орындалатын концерт өтеді.

Сағат 22:00-де мерекелік салют болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдылық беретін қала көшелерін қайта жасаудың барысын тексерді »»
26 шілде 2017 - 15:26
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншіге басымдылық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының қайта жасалуын тексерді, мердігер ұйымдардың назарын жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына аударды. Қала әкіміне қазіргі кезде жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарының аяқталғаны,арық лотоктарының төселгені, кеспе тастар негізінің жасалғаны, көше жарығы желілерінің тартылғаны, құрғақ сұбұрқақтардың іске қосылғаны баяндалды....
Алматыда «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді »»
25 шілде 2017 - 14:19
Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында 1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін «Almaty Sales Festival: Summer 2017» арзан баға фестивалі өтеді, бұл шараға қаланың 100 сауда орталықтары мен 15 мейманханасы қатысады. Осы фестивальге қатысушылардың барлығында киім, техника, аксесуарлар арзандатылған бағамен сатылады, тауарлар ассортимент кең. Сауда орындарында тауар ктаегориясына қарай олардың бағасы 80% ға дейін төмендетілген, ал қонақүйлер қызметі 40%-ға дейін арзандаған. Ф...
Алматыда халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді »»
25 шілде 2017 - 13:17
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында 28-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайынғы халықаралық «international Mountain Sports Festival» фестивалі өтеді. Халықаралық фестиваль форуммен ашылады. Алқалы жиында Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мегаполистегі тау шаңғысы туризмін дамыту жоспарымен бөліседі, «ТВЭЛ-курорт» компаниясының бас директоры, фритсайлдан Санкт-Петербург Федерациясының вице-президенті,Сочи Олимпиадасы...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13