^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Наурызбай ауданы әкімшілік орталығының құрылысы үстіміздегі жылдың шілде айында аяқталады
17 мамыр 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын дамыту жөніндегі көшпелі жиын барысында қала қызметтерінің назарын аудандағы салынып жатқан жолдардың, инженерлік және коммуналдық желілердің барынша сапалы болуына әрі дер мезгілінде пайдалануға берілуі тиіс екендігіне аударды. Мегаполис басшысы жөнделген көшелер, мердігерлік ұйымдар мен олардың өздеріне тапсырылған жұмыстарды аяқтаған мерзімдері белгіленген, жалпы атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат жинақталған Наурызбай ауданының кешенді картасын жасауды тапсырды.

Аудан әкімі Сайран Сайфеденов Наурызбай ауданының құрылғанына үш жыл толуы қарсаңында 1200 орынды мектептің, 500 адам қатынайтын аурухананың, аудандық ішкі істер департаменті мен әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқа қызметтік мекемелер орналасатын нысандардың прайдалануға берілетінін айтты. Бүгінгі күні олардың дайындығы 80-90%, айналасы абаттандырылуда.

Жалпы, Наурызбай ауданында биыл сумен қамтамасыз етудің 107,5 км желісін, суды бөлудің 81,2 км желісін, Ақсай, Қарғалы фильтрлі тазартқыш екі станцияларын салу жоспарланған, сол арқылы Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ ,Ақжар, Құрамыс,Қарғалы, Қарағайлы,Жайлау сынды елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесіне қосылатын болады. Ұзындығы 24,4 км болатын кәріздік коллектр тұрғызу да жоспарланған.

Ауданда Абай даңғылы Әуезов көшесінен Қалқаман ықшам ауданынан қала шекрасына дейін үңгілеу жұмыстары жүруде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 болатын жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, көшелердің қозғалыс бөлігі төрт жолаққа дейін кеңеюде, Қарғалы өзенінің үстіндегі көпір қайта жасалуда, веложолдар мен тротуарлар салынуда. Ұзындығы 30 км болатын 30 көше мен Қалқаман және Алаш ықшам аудандарындағы 33 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№ 86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13