^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы орталық ипподромда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтуде
19 мамыр 2017

 «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан республикалық фестивальге Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысуда. Фестиваль «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтуде, оған қатысушылар саны рекордтық көрсеткішке, 600-ге жуық спортшыға жетуде.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мәдениет пен жеке ұлттық кодты сақтауға үлкен назар аударғанын айтты.

 

 

 

Тек соңғы екі жыл ішінде ғана Алматыда 5 айтыс, сонымен қатар ақындардың «Алтын домбыра» фестивалі өтті, дәстүрлі музыканың «Алатау» мультимедиялық орталығы, қолөнершілердің жаңа орталығы, Алматы қаласының мыңжылдық тарихы Мұражайы ашылды, осының арқасында қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының дәстүр- салттарымен кеңінен таныса алады.

«Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап төл құндылықтарымызды насихаттау арқылы ұлттық сананы жаңғыртуды басым бағыт ретінде айқындап берді. Соның арқасында халқымыз ұмыт бола бастаған тілімен, өзіндік мәдениетімен, салт-дәстүрімен қайта қауышты. Мемлекет тарапынан Ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды айшықты іс-шараларға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Биылғы жылдың аяғына дейін Алматы ипподромында жүлделік қоры 80 млн. теңге болатын болатын 89 бәйге өтеді. Біздің қалада қазақ күресінен «Алматы Барысы» мен «Әлем Барысы» сайыстарының өтуі де спорт әуесқойлары үшін ерекше сыйлық болмақ», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясының президенті Бекболат Тлеухан бүгінгі күні Алматының еліміздің ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар жиі өтетін еліміздің спорттық және рухани орталығына айналғанын атап өтті.

«Ұлттық спорт – ата- бабаларымыздан қалған әрі барша әлемге мақтанышпен көрсете алатын біздің асыл мұрамыз. Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлері тек Қазақстанда ғана емес, тіпті шетелде де қарқынды дамып, еліміздің абырой- беделін арттыра түсуде. Оның жарқын мысалы «ЭКСПО-2017» аясында көкпардан өтетін әлем Чемпионаты», - деді Б.Тлеухан.

«Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалінде оған қатысушылар спорттың 12 түрі бойынша сайысқа түседі, олардың ішінде, 4 км. тай жарыс, 7 км, құнанбәйге, 13 км топ бәйге, жайдақ бәйгелер, 21 км аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, қазақ күресі сынды. ұлттық спорт түрлері бар. Биығы жүлделік қор 24 млн. теңгені құрайды.

Негізгі ойындармен қатар, фестиваль қонақтары бүркіттердің, аңшылық тазы иттердің, қолдан жасалған қолданбалы бұйымдардың көрмесін тамашалай алады. Естеріңізге сала кетейік, сонау 1930 жылы негізі қаланған Алматы ипподромында осымен екінші жыл фестиваль өтуде, ал ипподром еліміздің ат - спорт қоғамдастығының айрықша мекені. Бірқатар себептер бойынша Алматының Жетісу ауданындағы арена бос тұрған еді. 2016 жылы қалалық биліктің қолдауы арқасында ипподром өзінің қайта түлегенін атап өтті және мұнда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына арналған ұлттық ат спортынан алғашқы фестиваль өтті. Бүгінгі күні ол ТМД ипподромының бестігі құрамына енген және Орта Азиядағы үздіктердің бірі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13