^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 20 қыркүйек 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы Орталық мешітте қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминалдар орнатылды
19 мамыр 2017

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және т.б) электронды терминал арқылы бере алады, бұл жаңалықтың басты мақсаты - түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету.

«Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», - деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетова бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез- келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда Қала күні мерекеленуде
17 қыркүйек 2017 - 14:07
Алматыда Қала күні аясында жыл сайын 200 мыңнан асатын қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын «AlmaFest – 2017» дәстүрлі алма фестивалі өтуде. Фестиваль барысында «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапттау салтанаты өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматының мәдени, ғылым- білім, спорт, қаржы және іскерлік орталық екенін атап өтті. Осының барлығы мегаполисті өмір сүруге, жұмыс істеуге, демалуға жайлы мекен етуде. «Алматыда туған, өсіп-өнген және осында ...
Алматыда Depo Evolution Parkте жастардың лофт - орталығы ашылды »»
15 қыркүйек 2017 - 20:45
Алматыда ««Рухани жаңғыру»» бағдарламасы және қала жастарын қолдаудың Жол картасы аясында бұрынғы трамвай депосының орнында жастардың лофт- орталығының бірінші кезегі ашылды. Дәл осы күні Алматы әкімі Бауыржан Байбек қатысқан «Art Energy Almaty» - «WORK IN PROGRESS» фестивалі өтті. Жастардың лофт-орталығының бірінші кезегінде коворкинг-орталық, еріктілер қозғалысы орталығы, Creative Zone (жас суретшілер орталығы және галерея), жастардың ресурс орталығы жата...
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі жаңа орталық ашылды »»
15 қыркүйек 2017 - 15:01
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастармен жұмыс жөніндегі «Almaty Zhastary» атты жаңа орталықтың ашылуына қатысты. Бұдан өзге, қала басшысы «Дүйсенбілік футбол-2017» жобасына қатысушылармен кездесті, осы жоба аясында мегаполистің сауда орындары командалары арасында мини- футболдан турнир ұйымдастырылды, ал мұндағы ойыншылардың басым көпшілігі - сырттан келген жастар. Жастардың жан- жақты жетілуіне әрі біліктілігіне, со...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13