^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын тексерді
08 маусым 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Әйгерім-2», «Саялы» ықшам аудандарындағы тұрғын үй құрылыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар, мегаполистің Алатау ауданында бой көтеретін 7000 орынды мешіттің, ашық жеңілатлетикалық стадионның құрылыстарын тексерді.

Шара барысында қала басшысы жайлылығы 4 сыныпты тұрғын үйлер жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандар мен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» салымшылары үшін салынып жатқанын айтты.

Мәселен, биылғы жылы «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» 1784 алматылық салымшысы пәтер құнының 30 пайызын жинаса 23 жылға дейін жылына бес пайыздық төлеммен пәтерін ала алады. Жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі, олардың басым көпшілігі кейін сатып алуға болатын жалдамалы пәтерлер және КИК пен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ жобасы бойынша берілетін үйлер.

Қазіргі кезде барлық тұрғын үйлерге қажетті инфрақұрылым - газ, су және электр желілері тартылған. Үйлердің алдына балалардың ойын және спорт алаңдары, шаруашылық аймағы мен көлік тұрақтары салынады. Бұлардан өзге «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Артемида ЛТД»ЖШС компаниясы 640 орынды екі бала бақша салып, кейін оны қаланың коммуналды меншігіне өткізетін болады.

Қала әкімі «Almaty Arena» мұз сарайының артында салынып жатқан жеңілатлетикалық стадион құрылысын да көрді. Бұл нысан кәсіпкерлер қаржысына салынуда. Объект биылғы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Стадионда футбол алаңы,400 метрлік алты айналымдық және 100 метрлік жүгіру жолы, шестпен секіретін сектор және басқалары бар. Көрермендар мен жанкүйерлер үшін 300 орынды трибуна қойылатын болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13