^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 тамыз 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Бауыржан Байбек Астанада Алматының мәдени күндерін ашты
12 маусым 2017

Бүгін «Қазақстан» Орталық концерт залында «Махаббатпен, Алматыдан» атты Алматының мәдени күндері салтанатты түрде ашылды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 11-19 маусым аралығында 400- ден астам алматылық артистер астана тұрғындары мен қонақтарын өнерлерімен қуантатын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Астананың рөлі ерекше екенін атап өтті, Мемлекет басшысының Астана халқымыздың бірлігі мен келісімінің, болашаққа деген сенімінің, зор мүмкіндіктерінің символы деген сөзін келтірді.

«Ару Астана –Тәуелсіздіктің символы, Еуразия жауһары, Президентіміздің кемеңгерлігі мен көрегендігінің айғағы. Астана – Қазақстаннның жетістігін, болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Барлық қазақстандықтар жақсы көретін Алматы - ел тарихына тәуелсіздіктің «Алтын бесігі» ретінде енді. Президенттің тұрақты қамқорлығы арқасында Алматы заманауи мегаполиске айналып, европалық қалалармен бәсекеге түсе алады. Астанадағы Алматы қаласының мәдени күндері аясында біз сіздерге Елбасы ұсынған ұлттық жаңарудың жеке ұлттық кодын көрсететін еліміздің бай мәдени мұрасын ұсынамыз», - деді Алматы әкімі.

Б.Байбек Президенттің халықаралық жоғары мәртебесі арқасында «ЭКСПО -2017» көрмесінің Астанада өтіп жатқандығын айтты.

«ЭКСПО – 2017» - бұл заманауи технология мен инвестиция тарту ғана емес, сонымен қатар сананы өзгерту, инновациялық ойлауды қалыптастыру. ЭКСПО - бұл Елбасы ұсынған рухани жаңғырудың бір жобасы», - деді ол.

«Алматыдан махаббатпен» мерекелік концертіне қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Айқын, Луина, «Досмұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары, «Сарын» дуэті, «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы» балалар байқауының женімпаздары және басқалары қатысты.

12-16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында күніне екі рет қазақ және орыс тілдерінде «Құлыншақ пен бөлтірік» және «Көңілді аюлар» атты үздік спектакльдерін ұсынады.

11-19 маусым аралығында «Алматының этно - ауылы» көрме жәрмеңкесі өтеді, мұнда елу үздік суретші мен қолөнерші өз бұйымдарын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні «Сазген сазы» фольклорлық - этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда өтетін «Асқар таулы Алматы» мерекелік концерті Алматының елордадағы мәдени күндерін қорытындылайды. Аталған концерт «Астана ЭКСПО–2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындығы амфитеатрда өтеді. Концертке Асылбек Еңсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мұсаев, Сәуле Жұмабай, «Ұлытау», «Арт-Дала», «Алаш Ұлы» топтары, «Жетіген», «Сазген Сазы», «Салтанат» ансамбльдері, Н.Әшіровтың домбырашылары, «Арлан» театры және басқалары қатысады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендерге теміржол поездарын жүргізеді »»
16 тамыз 2017 - 18:20
2017 жылдың 16 тамызынан қалаға жақын маңдағы елді мекендерге күн сайын мына бағыттағы жолаушылар поезы жүретін болады: №6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай» №6945/6946/6947/6948 «Алматы-2 – Қазыбек бек» (Ұзынағаш). Поездар күніне екі рет қатынайды: таңғы уақытта Қапшағай қаласы мен әкімшілік орталық Ұзынағаштан шығады, кешкісін Алматы қаласынан кері бағытта жүреді. №6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай» поезы мына бекеттерден жолаушыларды о...
Алматы қаласының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды »»
16 тамыз 2017 - 15:54
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010- 2016 жылдары &laqu...
Алматы әкімдігінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті »»
15 тамыз 2017 - 16:21
Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өткен жиын барысында бағдарламалардың мақсатты индикаторларына қолжеткізу және басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді және қаланың басқармалар басшылары мен аудандар әкімдерінің назарларын өндірістік жұмыстардың сапасына, обьектілердің дер кезінде берілуі тиіс екеніне аударды. Үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысы бойынша барлық бағдарламалар бойынша маңызды мәселелер жүзеге асты,он...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13