^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 тамыз 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жаяу жүргіншілерге жайлы болу үшін бірқатар көшелер қайта жасалады
14 маусым 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында қаладағы жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жасау жөнінде көшпелі кеңес өткізді. Биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

Алматыда қала тұрғындарына жайлы болу үшін оң шаралар жүйесі одан әрі жалғасуда, яғни саябақтар мен скверлер, жаяу жүргінші аймақтары қайта жасалып, веложолдар салынуда, қоғамдық кеңістікті қалқалап тұратын қоршаулар алынып тасталуда.

Қаланың Алмалы ауданындағы Дүйсенов көшесі Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесі Абылай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық көгалдандырылады. Бостандық ауданында Тимирязев көшесінің учаскесі Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,5 км. аймақта қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба бойынша брусчаткалар төселіп,арықтар созылады, урналар қойылып, қоршаулар және басқалары алынып тасталады. Бұлардың орнына спорт инвентарьлары орнатылып, балалар алаңдары пайда болады, ағаштар отырғызылады, жасыл желекті қоршаулар, клумбалар жасалады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы жасалады, сонымен қатар Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңында жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендерге теміржол поездарын жүргізеді »»
16 тамыз 2017 - 18:20
2017 жылдың 16 тамызынан қалаға жақын маңдағы елді мекендерге күн сайын мына бағыттағы жолаушылар поезы жүретін болады: №6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай» №6945/6946/6947/6948 «Алматы-2 – Қазыбек бек» (Ұзынағаш). Поездар күніне екі рет қатынайды: таңғы уақытта Қапшағай қаласы мен әкімшілік орталық Ұзынағаштан шығады, кешкісін Алматы қаласынан кері бағытта жүреді. №6955/6956/6957/6958 «Алматы-1 – Қапшағай» поезы мына бекеттерден жолаушыларды о...
Алматы қаласының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды »»
16 тамыз 2017 - 15:54
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Павел Кулагин тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Қостанай облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары инспектор, кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010- 2016 жылдары &laqu...
Алматы әкімдігінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті »»
15 тамыз 2017 - 16:21
Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өткен жиын барысында бағдарламалардың мақсатты индикаторларына қолжеткізу және басты проблемаларды шешу жөнінде бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді және қаланың басқармалар басшылары мен аудандар әкімдерінің назарларын өндірістік жұмыстардың сапасына, обьектілердің дер кезінде берілуі тиіс екеніне аударды. Үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысы бойынша барлық бағдарламалар бойынша маңызды мәселелер жүзеге асты,он...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13