^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда үй кезегінде тұрған 168 отбасыға Атлеттер ауылынан жаңа пәтерлер кілттері табыс етілді
15 маусым 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үй кезегінде тұрған 168 отбасыға Атлеттер ауылынан жаңа пәтерлер кілттерін табыс етті, олардың арасында мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекет және бюджет қызметкерлері, әскерилер бар.

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде 10 мыңдаған пәтер үлестірілді. 2017 жылдың аяғына дейін қосымша тағы да 4,5 мың пәтер берілетін болады, осылайша кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы өз пәтерін алады.

Атлеттер ауылында қазіргі кезде 1748 пәтер бар, Тұрғын үй басқармасы тұрғын үй комиссиясының сүзгісінен өткен 1655 пәтер иелерінің тізімін жіберді. Жалға беріліп, кейін сатып алатын 900 пәтер иелерімен келісім жасалды.

 

Қазіргі кезде қалада тұрғындарға пәтер бөлу шешімдерінің барынша ашық жүруі үшін қажетті шаралардың барлығы жасалуда. Пәтер кезегіне тұру, оның жылжуы тек электронды режимде Электронды үкімет порталында жүзеге асады. Сонымен қатар, алғаш рет кезектің электронды инвентаризациясы енгізілген, яғни кезекте тұрғандар жыл сайын Тұрғын үй басқармасына келмей - ақ дистанциялық жүйе арқылы өзіне қатысты мәліметті біледі. Тағы бір жаңалық, СМС- хабарлар арқылы да қажетті мәліметті алуға болады. Бұлардан өзге, адами факторсыз, кезекте тұрғандар арасында автономды кесте арқылы пәтер бөлу механизмі де жыл аяғына дейін енгізіледі. Оның үстіне Атлеттер ауылындағы пәтерден үміткерлер тізімі Алматы қаласының прокуратурасымен келісілген.

Алматы әкімі Атлеттер ауылы маңындағы тұрғындарға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін емханада, «Nomads» атты қазақ мәзірі бойынша ас дайындайтын мейрамханада болды.

Атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оның айналасы заманауи видебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігімен толық қамтылған.

Мұнда ХҚКО, емхана, супермаркет, фитнес-орталық, сұлулық салоны, банк және пошта бөлімшесі, полицияның тірек пункті жұмыс істейді. Кешен тұрғындары үшін олардың өз қалаулары бойынша әйелдер клубы, балалардың даму орталығы, көңіл көтеру орталықтары ашылады. Бүгінгі күні Атлеттер ауылының жаңа қоныстанушылары үшін «Алматы арена» спорт кешенінің секцияларында ерекше жағдайлар жасалған.

Атап өтерлік жайт, Алатау ауданы Алматы тұрғындары мен қонақтары қызығатын заманауи елді мекенге айналды. Аудан құрылғалы бері мұндағы тұрғындар саны 1,5 есеге артып, 200 мың адамға жетті. Сегіз жыл ішінде ауданды дамытуға қала бюджетінен 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның арқасында халықаралық деңгейдегі «Алматы арена» спорт нысаны, әкімдік, сот, прокуратура, салық, арнайы ХҚКО, АІІД ғимараттары, заманауи мәдени нысандар, мектептер, бала бақшалар, емханалар мен ауруханалар іске қосылды, жаңа мешіт салынуда, Үлкен Алматы каналының айналасы, Боралдай өзенінің жағалауы нығайтылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Жас алматылықтар жағдайы жеңілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады »»
18 қазан 2017 - 17:42
Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңіл...
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
18 қазан 2017 - 14:45
Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағытт...
Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды »»
17 қазан 2017 - 13:51
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді. Бұл Ереже VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясының №151 шешімімен бекітілді. Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13