^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қаланың жол инфрақұрылымының қайта жасалуын тексерді
16 маусым 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында қаланың жол инфрақұрылымының қайта жасалуын тексерді және жолдарды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға кешенді келудің маңызды екендігін атап өтті. Яғни, асфальт төселіп, бордюлер ғана жаңартылмай, тротуарлар, арықтардың жиектері де жасалуы, заңсыз қоршаулардың алынып тасталуы, жолға жақын орналасқан аймақтардың жасылдандырылуы қажет екендігін қадап тұрып айтты.

Мысалы, Абдулиндер көшесінде, Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі жолдың шығыс жағында тротуарлар мүлдем жоқ, ал қоғамдық аймақ көлік тұрағы ретінде пайдаланылған. Көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде аталған учаскеде қоршаулар алынып тасталды, жаяу жүргінші жолып жасалып, абаттандырылды, көлік тұрағы аймағы ретке келтірілді.

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов қазіргі кезде қалада 29 көшенің жөнделгенін,25 көшеде жұмыстардың жүріп жатқандығын, келесі айда 114 магистральді және ұзындығы 83,7 км болатын аудандық маңызы бар көшелердің жөнделетіндігін айтты.

Трамвай рельстері алынып тасталған 18 жол қиылыстары да жөнделуде.Жиырма бригада жолдарға асфальт төсеу жұмыстарымен айналысуда, қазірдің өзінде жоспарланған 250 мың шаршы метр жолдың 69 мың шаршы метрінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 18 км болатын 47 учаскеде тротуарларды абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 8,5 км аймақ көгалдандырылды. 130 бекет кешендері абаттандырылды.

Байтұрсынов көшесінде,Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақта,Жандосов көшесінде, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі 2,08 км жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ елді мекендеріндегі 10,9 км жол, Наурызбай ауданындағы Қалқаман, Алты Алаш елді мекендеріндегі 17,3 км жол жөделуде.

Алматыда биыл 102 өтпелі жолға түн мезгілінде жарық берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қалада тұрғындардың жүріп - тұруына жайлы болу үшін жүйелі жұмыстар жүруде, саябақтар мен скверлер абаттандырылып, өтпелі және веложолдар жасалуда, қоршаулар алынып тасталып, қоғамдық кеңістік кеңеюде.

Алмалы ауданында Дүйсенов көшесі,Аренский көшесінен Гайдар көшесіне дейінгі аймақ,Қарасай батыр көшесі, Аблай хан көшесінен Масанчи көшесіне дейін толық абаттандырылады.Бостандық ауданында Тимирязев көшесі, Есентай өзенінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі 2,5 км аймақ абаттандырылады.

Жалпы, биылғы жылы әр ауданда 16 өтпелі аймақ және Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр және Астана алаңы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншілерге басымдылық беріледі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Жас алматылықтар жағдайы жеңілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады »»
18 қазан 2017 - 17:42
Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңіл...
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
18 қазан 2017 - 14:45
Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағытт...
Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды »»
17 қазан 2017 - 13:51
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді. Бұл Ереже VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясының №151 шешімімен бекітілді. Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13