^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 27 маусым 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда журналистер арасындағы «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауының қорытындысы шығарылды
16 маусым 2017

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Алматыда журналистер арасындағы «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Ақпараттық кеңістіктегі мегаполистің үздік өкілдерін Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев, еліміздің жетекші БАҚ басшылары марапаттады.

Байқау жеті номинация бойынша өтті: БАҚ-тағы үздік мақала, ақпараттық агенттіктердегі (ғаламтор ресурстары) үздік мақала, үздік радио материал, әлеуметтік желідегі үздік мақала (блогерлер материалдары), үздік фотоматериал, үздік инфографика және үздік телевизиялық сюжет.

Фотография

«Үздік газет мақаласы» категориясы бойынша «Түркістан» газетінің журналисі Динара Желдібаева жеңімпаз атанды, ал «Үздік радиоматериал» номинациясы бойынша екі журналист-«Астана» радиосының музыкалық редакторы Әйгерім Біләлова мен «Қазақ радиосының» журналисі Аман Тасыған жүлдені өзара бөлісті, қазақтардың Дүниежүзілік ассциациясы сайтының редакторы Ерлік Кебекбай ғаламтордағы үздік материал номинациясын жеңіп алды,үздік инфографика жүлдесін «IGRAPHIC» дизайн бюросының бас директоры Бағлан Айдашов алса, Жанна Ахметова әлеуметтік желілерде үздік постар жариялады, Максим Золотухиннің жұмыстары үздік фтотоматериалдар деп танылды, ал «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша «Хабар агенттігі» АҚ Алматы филиалының журналисі Ұлан Нарынбек пен «Астана» телеканалының журналисі Әділ Өнербаевтар жеңімпаз атанды.

Фотография

Алматы әкімі Бауыржан Байбек аумағы 500 шаршы метр болатын «Алматы» телеарнасының жаңа заманауи павильонында болды.

Фотография

Соңғы бір жарым жыл ішінде каналды модернизациялау жұмыстары жүрді, құрал- жабдықтар жаңартылды, өндірістік тракт 16х9 жоғары көрсетілімдегі сандық форматқа көшірілді, әлемдік танымал өндірушілерден жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын заманауи телевизиялық техникалар сатып алынды.

Фотография

Бүгінгі күні «Алматы» телеарнасының қаланың кез - келген нүктесінен тікелей эфирге шығатын және ауқымды шараларды дер кезінде көрсете алатын жылжымалы телевизиялық станциясы бар. Канал республиканың барша аймағын қамтиды, соның арқасында баламалы, сандық, спутниктік, кабельді және интернет сегменттегі хабарларды тарата алады.

«ТНС Гэллап Медиа»агенттігінің мәліметі бойынша биылғы жылы қалалық телеарнаны көрушілер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 26%-ға артқан.

Жүзеге асқан осынау игі шаралардың арқасында «Алматы» телеарнасына жарнама берушілер қатары ұлғаюда. Мысалы,2016 жылдың қорытындысы бойынша телеарнаның жеке табысы 112%-ға артып, 256 млн. теңгені құрады. Құрылғалы бері алғаш рет телеарна жақсы қаржылық көрсеткішке қолжеткізді. Заманауи аппаратуралармен жабдықталған жаңа студиялық павильон іске қосылған кезде «Алматы» телеарнасы жаңа сапалық деңгейге көтерілетін болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда табиғаты көркем Алатаудың етегінде II халықаралық «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этнофестивалі өтті »»
26 маусым 2017 - 09:44
«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты. Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. «Ұлы дала рухы» фестивалін...
Алматы әкімі ЮНИСЕФ өкілдігі басшысымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады »»
23 маусым 2017 - 10:07
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы Юрий  Оксамитныймен кездесті. Тараптар өзара ынтымақтастың бірқатар бағыттарын, оның ішінде балаларды зорлық- зомбылықтан қорғауды, мүгедек балдырғандарға қолдау көрсетуді, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын жасқартуды күшейту мәселелерін талқылады. «Маңыздысы тек Үкімет деңгейінде және жасалған заңдар бойынша ғана емес, сонымен қатар өңірлерде де балалармен жұмыс істеуді дамыту қажет. Әрбір қала жергілікті жерде кез- кел...
Алматы әкімі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының басшысымен кездесті »»
21 маусым 2017 - 15:00
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабпен кездесті. Тараптар медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сонымен қатар биылғы жылдың қазан айында оңтүстік астанада өтетін алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету жөніндегі Халықаралық конференцияға дайындық туралы әңгімеледі. «Халықтар арасындағы урбанизацияға орай денсаулықты тұрақты дамыту барысында мегаполистердің р...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13