^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі жаяу жүргіншілерге басымдылық беретін қала көшелерін қайта жасаудың барысын тексерді
26 шілде 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншіге басымдылық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының қайта жасалуын тексерді, мердігер ұйымдардың назарын жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына аударды.

Қала әкіміне қазіргі кезде жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарының аяқталғаны,арық лотоктарының төселгені, кеспе тастар негізінің жасалғаны, көше жарығы желілерінің тартылғаны, құрғақ сұбұрқақтардың іске қосылғаны баяндалды. Келесі аптадан бастап жоғарыда аталған көшелерде бірыңғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардың сыртқы беттерін жаңарту жұмыстары басталады.Бұрыннан бар жасыл желектер сол бойы сақталады. Көмескі кеңістікті кеңейту мақсатында биік ағаштар, қайың, емен және басқалары, мыңнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мың шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады.

Жібек жолы көшесін Қонаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қайта жасау барысында Арбат бұрынғы келбетін сақтайды,толық абаттандырылады және жеке функционалды аймақтарға бөлінеді. Демалыс орындары артады, бұрыннан бар фонтандар қайта жасалады, спорт және балалар алаңдары пайда болып, кеспе тастың орнына жоғары сапалы гранит төселеді.

Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралықтағы жаяу жүргінші жолына да гранит төселеді, мұнда да демалатын орындар, спорт және балалар алаңдары, абаттандырылған веложолдар болады. Атап өтерлік жайт, жөндеу жұмыстары басталған кезде көне қаланың ескі кеспе тастары табылған еді, жобаның жалпы композициясында олар да пайдаға асады.

«Астана» алаңында көлік қозғалысы жолағы қысқарады, босаған кеңістіктерге қосымша ағаштар отырғызылады, екі құрғақ субұрқақ пайда болады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көлік легі екіге бөлінеді, автотұрақ аймағы шектеледі. Алаңның солтүстік бөлігіне экологиялық таза гранит тастар төселеді.

Қабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде қозғалыс бөлігін шектеу қарастырылмаған, бірақ жаяу жүргінші жолының түгел бойына көлік қоюға тыйым салынады,автомобильді тек арнайы жабдықталған «қалталарда» ғана қалдыруға болады. Тротуарларға гранитті және бетонды плиткалар төселеді, газондарды қорғау үшін бұтақ-шіліктер отырғызылып, балалар алаңдары және басқалары ұйымдастырылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13