^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Қала күніне орай 60-тан астам фестивальдер мен концерттер өтеді
07 тамыз 2017

Қала тұрғындары мен қонақтарына бір ай бойына барынша мазмұнды мәдени – сауық бағдарламалары ұсынылады: 60-тан астам жаңа әрі бұрыннан бар фестивальдер мен концерттерді тамашалауға болады. Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама «Медеу» биік мұз айдынында 19-20 тамызда басталады, мұнда «Рухани жаңғыру» аясында алғашқы халықаралық «Star of Asia» музыка фестивалі өтеді.

Азияның түрлі бағыттағы танымал орындаушылары хип-хоптан бастап, классиканы, r'n'b дан инди-попты және рокты ұсынып, алматылықтар үшін нағыз музыкалық мереке жасайды. Форматы бойынша мүлдем жаңа фестиваль болып табылатын Star of Asia» «Азия даусы» музыкалық байқауының дәстүрлі жалғасындай. «Медеу» биік мұз айдынына Қытайдың, Түркияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Индияның және басқа шетелдердің танымал әншілері келеді. Олдардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, Индияның әншісі Sanah Moidutty, түрік жұлдызы Murat Boz бар. Екі күн ішінде шетелдік артистермен бірге МузАРТ, Кайрат Нұртас, Айкын, Әли Окапов және басқа қазақтандық орындаушылар да өнер көрсетеді. Билеттерді «Kassir.kz» cайтынан алуға болады. 7 тамыздан бастап «Меломан» желісі мен Республика сарайының кассаларына фестиваль билеттері түсе бастайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары бір ай ішінде «Көк-Төбе - Опера» халықаралық музыка фестиваліне барып, ашық аспан астында «Оркестрлер шеруін», «Aлма fest» алма фестивалін тамашалап, «ТойҚазан 2017» атты Қазақстан халықтарының ұлттық ас мәзірлері фестивалінен дәм татып, «Gakku даусы» көпмыңдық Open Air ді қызықтап, «Тұлпар» ұлттық киносыйлығын тапсыруға қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының «Базарым тарқамасын» спектаклін және басқаларын көре алады. «Almaty Sales Festival: Summer 2017» жеңілдік фестивалі аясында қаланың 100-ден астам сауда орталықтары арзан тауарларды ұсынады.

Қала күні мерекесінде, 17 қыркүйекте «Алматы Аренада» «Muzzone» телеарнасының VI Евразиялық «EMA 2017» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Көңілді мәдени бағдарламалардан өзге алматылықтар мен қала қонақтары спорт жарыстарын да тамашалай алады. Олардың ішінде қазақ күресі бойынша көптің көңілінен шыққан «Әлем Барысы» турнирі. 9 қыркүйекте «Alash Pride» палуандарының жарысы өтеді, мұнда ешкімге жеңіліс бермеген Арман Оспанов бразилиялық Тиаго Тавареспен күш сынасады. Биыл «Тур Алматы» веложарысы екі күн бойына 28-29 қыркүйекте өтеді әрі халықаралық көпкүндік турлардың ең маңыздысы болып табылады. «Евроспорт» телеарнасы жарысты тікелей трансляциялайды.

Атап өтерлік жайт, «Алматы Аренада» жақын айлар ішінде «ABBA platinum», «А’studio», «Грибы» және басқаларының концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттері өтеді.

Қала күніне орай жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын қайта жасау жұмыстары аяқтау жоспарланған және бірқатар әлеуметтік нысандар, аудан әкімдігі, ХҚКО, сот, прокуратура, әділет басқармасы және басқалары орналасатын Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы ашылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13