^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі қаланың жол және коммуналды инрфақұрылымдарын қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді
08 тамыз 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын, сонымен қатар қаланың жол және коммуналды инфрақұрылдымдарын қайта жасаудың барысын тексерді.

Қала басшысына биылғы жылы 146 км жолдың жөнделетіні, 97 мың шаршы метр тротуарлардың абаттандырылғаны, 14,7 км жерде құрылыстың, 42,2 км болатын арықтар желісі мен 57 көшеде қайта жасау жұмыстарының жүріп жатқандығы,32 километрден астам жылу жүйесінің жаңартылғаны, бұл өткен жылмен салдыстырғанда 2,7 есеге көп екендігі, ол кезде небәрі 12 км жылу желісінің ауыстырылғандығы айтылды. Бұған қоса, «Әйгерім», «Ұлжан 1,2», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Дархан», «Құрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ 1,2», «Алтын бесік», «Достық» және басқа ықшам аудандардағы 20 мыңнан астам үйлерді қамтамасыз ететін 380 километрден астам су және кәріз құбырлары тартылуда.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновке Асқаров көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылының батысына таман ұзындығы 3,5 км болатын жердегі су құбырлары жүйесін қайта жасау жұмыстарының өте төмен қарқынмен жүріп жатқаны үшін ескерту жасады. Бүгінгі күні конкурста жеңіске жеткен Петропавл қаласының «Титан Север» ЖШС небәрі 2 км жердің жұмысын атқарған. Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша қалған 1,5 км аумақтың жұмысы қыркүйек айының ортасына таман аяқталады.

Бауыржан Байбек Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді қайта жасау жұмысының барысын тексерді. Объектіде көпірдің солтүстік бөлігін бұрғылау,инженерлік желілерді орнықтыру (орта қысымды газ, суқұбыры, телекоммуникациялар), көтергіштерді электрмен қамтамасыз ету, өзеннің негізі арнасының түбін бетондау және басқа да жұмыстар аяқталған. Жөндеу жұмыстарымен екі кезекте жүзге жуық адам айналысуда. Үстіміздегі жылдың 27 тамызында солтүстік бөлік бойымен көлік жіберу жоспарланған. Бұдан соң құрылысшылар артынша көпірдің оңтүстік бөлігінің жұмыстарын қолға алып, оны 25 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Қала әкімі Шевченко көшесі бойымен Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейінгі ұзындығы 4,3 км болатын аумақты жөндеу жұмыстарын да тексерді. Бүгінгі күні Қонаев көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі, Наурызба й батыр көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жолдарға асфальт төселген, Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейінгі азғантай бөлікке жеңіл қабатты асфальт құйылған. .Манас көшесінен .Жароков көшесіне дейін трамвай рельстері бұрғылануда.Фурманов көшесінен.аурызбай батыр көшесіне дейінгі жерде жылу желілері қайта жасалуда, мердігерлік ұйым жол жиектері мен арық арналарын ретке келтіруде.

Қала басшысына Абдуллин көшесі бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Мақатаев көшесіне дейін ұзындығы 1,090 км. болатын аумақта да жөндеу жұмыстарының жүріп жатқаны баяндалды.Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары аяқталған, тек Жібек жолы мен Мақатаев көшесі аралығында жылу желілерін қайта жасау жұмысқа сәл қолбайлау болуда. Мұндағы жөндеу жұмыстарын биылғы жылдың 30 тамызында толық аяқтау жоспарланған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын қайта жаңғырту жұмыстарын да тексерді.

Жаяу жүргіншіге басымдық беретін бұл учаскелерде кеспе тастарды, арық лотоктарын төсеу, құрғақ су бұрқақтарын жасау жұмыстары жүріп жатыр.Жооғарыда аталған көшелерде бірыңғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардың сыртқы беттерін жаңарту жұмыстары қолға алынған. Көмескі кеңістікті кеңейту мақсатында биік ағаштар, қайың, емен және басқалары, мыңнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мың шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады. Жұмысты биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралыққа гранит төселуде, мұнда демалатын орындар, ойын және спорт алаңдары болады. Осы айдың ішінде ағаштар мен гүл композициялары отырғызылады. «Астана» алаңында жүргінші аумағы мен құрғақ су бұрқақтар айналасы абаттандырылады.

Жібек жолы көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аумақты қайта жасау аясында Арбатты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, оның бұрынғы келбеті сақталады және бірнеше жеке функционалды аймаққа бөлінеді.Орындықтар саны артады, бұрыннан бар субұрқақтар қайта жасалады, бұрынғы кеспе тастар орнына жоғары сапалы гранит төселеді. Қайта жаңғырту барысында су бөлу жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ерекше назар аударылады. Мысалы, Жібек жол бойындағы жауынды канализация бұрын бос тұрған болатын, өйткені ескі су құбырларының іші толып қалған екен.

Қабанбай батыр мен Гоголь көшелерінің бойында жүргінші және веложолдарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап өтерлік жайт, бұл учаскеде қозғалыс бөлігін шектеу қарастырылмаған, бірақ жүргінші аумағының ұзына бойына көлік қоюға тыйым салынады, автомобильді тек арнайы жабдықталған «қалташаларда» ғана қалдыруға болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Жас алматылықтар жағдайы жеңілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады »»
18 қазан 2017 - 17:42
Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңіл...
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
18 қазан 2017 - 14:45
Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағытт...
Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды »»
17 қазан 2017 - 13:51
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді. Бұл Ереже VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясының №151 шешімімен бекітілді. Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13