^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жаңа арық желілерін салу жұмыстары жалғасуда
10 тамыз 2017

Алматыда биылғы жылы ұзындығы 14,7 км арық желілері салынып, 52 көшедегі 42,2 км арық қайта жасалуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында қаланың арық желілерін салу мен қайта жасау, сонымен қатар арна аңғарларын мықтылау жұмыстарының барысын тексерді.

Бауыржан Байбек Алатау ауданының «Алғабас» ықшам ауданындағы Теилов, Момышұлы, Соқпақбаева, Қалдаяқов, Лермонтов, Сәтпаев, Маметова, Бажанова, Абай, Байтұрсынов және Рысқұлов көшелері бойындағы арық желісін салу мен құрғату жүйесінің жұмысын тексерді. Ықшам елді мекенде ұзындығы 7 км болатын арық арналарына лотоктар төселуде, тереңдігі 2 км, ал ұзындығы 2 км болатын жекелеген учаскелердегі траншеяларға тренажды турбалар тарту жұмыстары жүріп жатыр. «Теплоэнергетик» және «Энергостроитель» саябақтар арқылы ағатын Қарғалы өзенінің жекелеген учаскелерінде тазарту,жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары да қарқын алған.

Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы Надыров, Тажиев, Құлыбеков, Сланов көшелері бойымен өтетін ұзындығы 4 километрден асатын арық желісінің құрылысын да тексерді. Аудан әкімі Сайран Сайфеденов бұрын бұл көшелерде арық жүйелерінің болмағанын, бүгінгі күнге дейін 1,3 км жерге жаңа арық желілері мен жауын канализациясының тартылғанын айтты. Арық желілеріне қатысты құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Атап өтерлік жайт, ұзындығы 14,7 км болатын жаңа арық салумен қатар 57 көшедегі ұзындығы 42,2 км болатын арық жүйесі жаңартылды, сегіз аудан әкімдігінен ұзындығы 500 км болатын 488 көшеде жаңа арықтар мен жауын канализацияларын салудың ЖСҚ дайындау үшін өтінімдер түскен.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Кіші Алматы» өзені ағып өтетін Жетісу ауданындағы Волочаевская көшесі бойындағы су аңғарларын және Медеу ауданындағы Таиров көшесі мен Бостандық ауданындағы «Бағанашыл» ықшам ауданындағы биік беткейлерді мықтылау жұмыстарын да тексерді. Бұл учаскелерде габионды конструкциялардан жасалған қорғаныс қабырғалары орнатылып, жер асты жұмыстары жүріп жатыр.

Жетісу ауданындағы беткейдің ұзындығы 345 м., биіктігі 7 метрге дейін. Қазіргі кезде мұнда қажетті жұмыстың басым бөлігі аяқталған, жиналған топырақтың 90%-ы сыртқа шығарылған. Орта қысымды газ жүргізу арқылы технологиялық процесстер қамтамасыз етілген, жоғары қысымды су құбырлары бойынша демонтаж және монтаждау жұмыстары жүзеге асып, электр желілерінің тіректері жылжытылған. Осы учаскедегі жұмысты биылғы жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарланған.

Медеу ауданындағы беткейлердің ұзындығы 470 метр. Қазіргі кезде мұнда ұзындығы 410 метрден асатын жердегі металл қоршаулар, бетон блоктар, ағаштан салынған шағын құрылыстар алынып тасталған және сыртқа 1600 текше метрден астам қоқыс шығарылған. Жұмысты биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы «Бағанашыл» ықшам ауданында беткейлерді мықтылау жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр, скважиналар бұрғыланып, топырақтың құрамы анықталуда.Жобалаушылар топырақтың сейсмикалық жағдайға төзімділігі мен құрамына қарай мұндағы тірек қабырғаларының түрін жасайтын болады. Қазіргі кезде беткейі бұрғыланып, одан шыққан топырақ сыртқа шығарылуда. Жұмысты биылғы жылдың қазан айының соңына қарай аяқтау жоспарланған.

Бостандық ауданындағы «Ақтөбе» ықшам ауданында үш жеке тұрғын үйлер мен 12 жер учаскесін біріктіретін көпірді қайта жасау жұмыстары аяқталды. Мұнда да бұрынғы темірбетон қоршаулар алынып тасталды, мнонолитті темірбетонды қондырғылар орнатылды, өзеннің түбіне тікбұрышты темірбетон құбырларының астына плиталар төселіп, көпірдің үстіңгі жағына металл қоршаулар орнатылатын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапарында Наурызбай ауданындағы әкімшілік орталықтың және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын, сонымен қатар Қарғалы өзені бойының абаттандырылуын тексерді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13