^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
«Нұрлы жер» еліміздің құрылыс саласын дамытуға жаңа серпін береді – Б.Байбек
11 тамыз 2017

Бүгін Алматыда Құрылысшы күніне арналған салтанатты шара өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде қаланың ІӨӨ құрылыс секторының үлесі 262 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде ғана 1,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, 2015 жылмен салыстырғанда 35%-ға көп.

«Құрылысшы мамандығы барлық кезеңде үлкен абырой мен құрметке ие.Сіздер тек қана үй, инфрақұрылым нысандарын салумен шектелмейсіздер. Қалаларға архитектуралық келбет беретін де,экономиканы дамытатын да Сіздер. Құрылысшылардың арқасында өмір сапалық жағынан оң сипатқа ие болып, азаматтардың тұрмыс жағдайлары жақсарады. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталады.Оның басты мақсаты- таяудағы 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарламаға тұрғын үй нарығын қолдаудың кешенді шаралары енгізілген.Бұл, сөз жоқ, еліміздің құрылыс саласын дамытуға жаңа серпін береді. Біздің негізгі міндетіміз - алматылықтардың тұрғын үй мәселесін шешу. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 73 үй салынуда, оның 24-інің құрылысы биылғы жылы аяқталады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы 2015 жылдан бастап құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемінің 17%-ға артқанын айтты. Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс саласына 235 млрд. теңге инвестиция бөлінген.

Бүгінгі күні Алматыда тұрғын үй және азаматтық бағыттағы 1140 объектінің құрылысы жүріп жатыр бұлардың ішінде 762 құрылыс жеке инвестиция арқылы, ал 378 нысан бюджет арқылы қаржыландырылуда.Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2016-2017 жылдары әкімдік тарапынан 1040 пәтерлі 19 тұрғын үй салынды. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша биыл«Саялы», «Жас Қанат» ықшам аудандарында тағы 17 тұрғын үйді іске қосу жоспарланған. «Ескі үйлерді сүру» қалалық бағдарламасы бойынша 3 жаңа үй салынып, ескі үйлердің тұрғындары жаңа қонысқа көшірілді. Бүгінгі күні заманауи ықшам ауданға айналған Атлеттер ауылынан 1748 отбасы пәтер алды. Наурызбай ауданында соңғы жылдары құрылыс кең қанат жаюда.

Биылғы жылы білім беру жүйесінің 42 нысанының құрылысын салу және сейсмикалық қуатын нығайту қарастырылған. Оның 29 объектісі биыл іске қосылады. Денсаулық сақтау саласының 18 обьектісі салынуда және жөнделуде. Жыл аяғына дейін 10 нысан пайдалануға беріледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына барынша қолайлы әрі жайлы жағдай жасау және экологияны жақсарту үшін Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүзеге асып, қайта жаңғыру жұмыстары жүруде. Бұл көшелер жаяу жүргіншіге басымдық беру мақсатында қайта жасалуда, мұнда демалуға қолайлы қоғамдық кеңістіктер, жаяу жүргінші аймақтары, веложолдар, жасыл желектер пайда болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Жас алматылықтар жағдайы жеңілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады »»
18 қазан 2017 - 17:42
Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңіл...
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
18 қазан 2017 - 14:45
Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағытт...
Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды »»
17 қазан 2017 - 13:51
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді. Бұл Ереже VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясының №151 шешімімен бекітілді. Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13