^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 қыркүйек 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «Оркестрлер фестивалін» Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі ашады
05 қыркүйек 2017

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында ашық аспан астындағы Оркестрлер фестивалі шымылдығын ашады. Фестиваль 8-9 қыркүйек күндері Республика сарайы алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында өтеді.

Музыка мерекесінің алғашқы күні дирижер Әли Демегенұлы Алпысбаев жетекшілік ететін Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі кешті бастайды. Бұл күні әлемнің және қазақтың ұлы композиторларының композициялары, сондай-ақ, әлем халықтарының музыкалық шығармалары орындалады.

Фестивальдің екінші күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін мыңдаған тыңдарман жүрегінен орын алған қазақ және кеңес дәуірі мен әлем кинематографиясындағы танымал, үздік әуендер орындалады. Композицияларға Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қанат Ахметов жетекшілік ететін ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі жан береді.

Шара Абай атындағы алаңда күн сайын сағат 20:00-де басталады.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты »»
24 қыркүйек 2017 - 17:45
Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Елбасыға халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Қазақстан Президенті әуежайды кешенді жаңғырту аясында жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. akorda.kz...
Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды »»
24 қыркүйек 2017 - 16:18
Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады. – Е...
Қазақстан Президенті Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді »»
20 қыркүйек 2017 - 19:51
Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы қаласы бүгінде Қазақстанның қаржы, мәдени және ғылыми орталығы болып саналатынын атап өтті. – Ширек ғасыр ішінде қала экономикасы 100 есе, шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 130 есе өсті. Қала аумағы мен оның тұрғын үй қоры 2 есе ұлғайды. Біз елдер арасындағы бәсекелестіктің қалалар арасындағы бәсекелестікке ұласып бара жатқанына куә болып отырмыз. Бүгінде 600 қала әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен екісін өндіреді, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Ал...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13