^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 қыркүйек 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Ақан серінің домбырасы ғасырдан соң күмбірледі
07 қыркүйек 2017

Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен алғаш рет күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын Мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді.

Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық , жастар қатысты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жеке мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтауға үлкен мән берілгендігін, ал бұл еліміздің мәдени жетістіктерін бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қазақ халқының мәдени- рухани мұрасы қайта жаңғыруда. Соның жарқын мысалы ретінде бүгінгі күні мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардың қатары жыл сайын жаңа экспонаттармен толығуда. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаның куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайының қорына ұлы ақын Ақан серінің жеке домбырасы беріліп отыр», - деді Бауыржан Байбек.

Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Алматының мыңжылдық тарихы Мұражайы ашылып, 5 рет айтыс және ақындардың «Алтын домбыра» мен қазақ ұлттық спорттың «Ұлы Дала Ойындары» фестивальдері өтті.

Ақан сері – қазақ ән өнеріндегі қайталанбас тұлға. Ол 1843 жылы Солүтстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында туылған, қазіргі кезде елді мекенге Ақан сері есімі берілген. Ақан сері зор даусымен, музыкаға және поэзияға деген қызығушылығымен ерекшеленетін. Ол ұлттық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосты. Ұлы ақынның өмірі туралы екі томдық роман жарық көрді, оның авторы жазушы Сакен Жүнісов.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты »»
24 қыркүйек 2017 - 17:45
Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Елбасыға халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Қазақстан Президенті әуежайды кешенді жаңғырту аясында жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. akorda.kz...
Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды »»
24 қыркүйек 2017 - 16:18
Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады. – Е...
Қазақстан Президенті Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді »»
20 қыркүйек 2017 - 19:51
Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы қаласы бүгінде Қазақстанның қаржы, мәдени және ғылыми орталығы болып саналатынын атап өтті. – Ширек ғасыр ішінде қала экономикасы 100 есе, шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 130 есе өсті. Қала аумағы мен оның тұрғын үй қоры 2 есе ұлғайды. Біз елдер арасындағы бәсекелестіктің қалалар арасындағы бәсекелестікке ұласып бара жатқанына куә болып отырмыз. Бүгінде 600 қала әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен екісін өндіреді, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Ал...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13