^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 25 қыркүйек 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда репродуктивті медицина Институының жаңа орталығы ашылды
08 қыркүйек 2017

Алматыда репродуктивті медицина Институының «ЭКО» жаңа орталығы ашылды, мұнда бедеулікті медицина саласындағы соңғы технологиялар бойынша емдейді. Клиника заманауи қондырғылармен жабдықталған, соның арқасында әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі.

Репродуктивті медицина Институының директоры Тамара Жүсіпәлиева өзінің сөзінде Қазақстанда сапалы медицинаға деген сұраныстың артқанын, клиника көрсететін медициналық қызметтердің аз шығын жұмсай отырып, шетелдік баламалардан еш төмен еместігін айтты.

«Соңғы жылдары біздің қызметке деген сұраныс өсуде және медициналық туризм артуда. Алматыға жақын және алыс шетелдерден емделу үшін келетіндер жеткілікті, олардың ішінде Түркиядан, Германия мен Ресейден, Қытай мен АҚШ-тан келетіндер баршылық. Барлық пациенттерге заманауи репродуктивты технологилар ббойынша ата- ана болу бақытын сыйлаудамыз», - деді Орталық директоры Т..Жүсіпәлиева.

Ол өзінің сөзінде Қазақстан заңдарының бейімділігі, дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи технологиялардың жеткілікті болуы арқасында Қазақстанға медициналық туризм бойынша келетіндер легінің артқанын айтты. Мысалы, екі жыл ішінде Қытайдан, Германиядан кеелетін пациенттер саны бірден көбейген. Тек АҚШ-тың өзінен ғана Репродуктивті медицина Институына 75 емдлуші келген.

Оның жарқын мысалы 43 жастағы америкалық Вера Смиффтен көруге болады, қазақстандық дәрігерлердің емі барысында ол жүкті болды. Бұған дейін отбасылық жұп үш рет ұрықтандырылғанымен, нәтиже болмаған Бұл процедура Америкада 20 мың доллар тұрады.

«Мен Қазақстанда жүкті болу бақытына ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда медициналық туризмнің болашағы зор деп білемін. Америкамен салыстырғанда мұндағы баға айырмашылығы айтарлықтай. Қазақстандағы дәрігерлердің тәжірбиесі мен біліктілігі өте жоғары, ал бұл медициналық туризмді дамытудың басты шарты. Маған Алматы өте ұнайды, мұндағы ас мәзірі өте дәмді. Бір сөзбен айтқанда, маған бұл жер өте жайлы әрі тартымды», - деп пікірін білдірді американдық келіншек Вера Смифф.

Жаңа клиникада 60 адам жұмыс істейді, гинеколог - дәігер Ләззат Айтқожина медицина мекемесінің мақтанышы, ол эмбрионның сырқатын ерте бастан байқап қояды. Айта кетерлігі, Ләззат Айтқожинаның 13 жылдық жұмыс өтілі бар әрі ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасына қатысушы.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа орталықтың жұмысымен танысу барысында Алматының 2020 жылға даму Бағдарламасында қалалық денсаулық жүйесін, соның ішінде медициналық туризмді дамытуға ерекше мән берілгенін айтты. «Бүгінгі таңда Алматы медицина саласында қызмет ететін отандық және шетелдік инвесторларды қызықтыруда. Репродуктивті медицина Институы клиникасының ашылуы біздің қаламызда медициналық туризмді дамытудың жарқын мысалы болып табылады», - деді ол.

Репродуктивті медицина Институының директоры Тамара Жүсіпәлиева клиника жылына 3 мыңға дейінгі отбасын қабылдай алатынын жеткізді.Дегенмен, экстракорпоральді ұрықтану бойынша барлығына бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, Алматыда 300 отбасы қаржы жоқтығы салдарынан бірнеше жыл кезекте тұр. Баурыжан Байбек дәл сол жерде 300 алматылық отбасыға тегін медициналық көмек көрсету шараларын іздестіруге тапсырма берді және экстракорпоральді ұрықтану бойынша жүкті болған әйелдер үшін босанатын жаңа үй салатын жер қарастыруды міндеттеді.

Жаңа клиника әлемдік талаптарды еске отырып салынған.Клиниканың басты ерекшелігі- операциялық блок пен жаңа өмір басталатын эмбриологиялық зертхана «таза бөлме» қағидасы бойынша жасалған,олар өзгелерден мүлдем оқшауланған, мұнда тұрақты температура мен ылғал ауа өте таза күйінде беріледі.

Нысан қабырғалары өте сапалы металл панелдерден құрылған. Мұндай «таза бөлмелер жүйесі өте сапалы әрі тұрақты клиникалық нәтижеге қол жеткізеді. Әрі емдеудің тиімділігін арттырады.

Клиника жаңа қондырғылармен жабдықталған. Эмбриология зертханасына Planer (UK) планшетті инкубатор мен құйылып жасалған ESCO MIRI (Singapour) алты инкубатор қойылған, бұлар эмбриондарды жетілдіреді әрі сапасын арттырады. Репродуктивті медицинада құбылыс жасаған, ең жаңа «Time – Lapse ESCO» инкубаторы бірінші күннен эмбрионның даму барысын қадағалуға және ұрықтандыру үшін ең сапалы эмбрионды таңдап алуға мүмкіндік береді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы халықаралық әуежайының даму жоспарымен танысты »»
24 қыркүйек 2017 - 17:45
Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Елбасыға халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Қазақстан Президенті әуежайды кешенді жаңғырту аясында жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. akorda.kz...
Қазақстан Президенті «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды »»
24 қыркүйек 2017 - 16:18
Мемлекет басшысы клубтың спорт базасымен танысты. Онда бес футбол алаңы, спортшыларды толық бабына келтіруге арналған медициналық кешен мен жабдықтар бар. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. Елбасы «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұрады. – Е...
Қазақстан Президенті Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді »»
20 қыркүйек 2017 - 19:51
Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы қаласы бүгінде Қазақстанның қаржы, мәдени және ғылыми орталығы болып саналатынын атап өтті. – Ширек ғасыр ішінде қала экономикасы 100 есе, шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 130 есе өсті. Қала аумағы мен оның тұрғын үй қоры 2 есе ұлғайды. Біз елдер арасындағы бәсекелестіктің қалалар арасындағы бәсекелестікке ұласып бара жатқанына куә болып отырмыз. Бүгінде 600 қала әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен екісін өндіреді, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Ал...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13