^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашымен кездесті
08 қыркүйек 2017

Алматы әкімі БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашы Каталина Девандас Агилармен кездесті. Кездесу барысында тараптар мүгедектер профилактикасы, қала өмірінде оларды әлеуметтік қорғау, барлық мүмкіндіктерді жасау, қолдау және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.

Мегаполис әкімі Алматыда құрамына азаматтық қоғам өкілдері енген мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмыс жасайтындығын айтты. ҮЕҰ ның араласуымен мүмкіндігі шектеулі жандарға стационарда, жартылай стационарда және үйлерінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қалада мұндай жандарға инклюзивті білім беруге ерекше назар аударылған, олар кәсіби жағынан қорғалған,түрлі нысандарға баруларына, көлікке мінулеріне жағдайлар жасалған, сонымен қатар әлеуметтік, спорттық, мәдени шаралармен қамтылған.

Бауыржан Байбек бүгінгі күні қалада мүмкіндігі шектеулі 43 мыңнан астам азаматтың тұратынын айтты. Биылғы жылы оларды техникалық қосымша көмек құралдарымен қамту үшін бюджеттен 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мүгедектер үшін сапалы жабдықтар алынуда, жаяу жүргінші жолдары қайта жасалуда.

«Егер қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға жүру қолайлы болса, онда барлығына да жайлы. Алайда, ең бастысы - рухани бірлік, мемлекет тарапынан ғана емес, бұқарадан ткіелей қолдау тапқан мұндай жандар қашан да сергек болады», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Каталина Девандас Агилар Қазақстан Республикасында тек саяси еркіндіктің ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсарту шараларының да салтанат құрғанын атап өтті.

«Ел заңнамасы халықаралық стандарттарға сай жасалған, мүгедектермен жұмыс істеуде шетелдің инновациялық әлеуметтік тәжірибесі қолданылуда, ал бұл оларға қатысты кешенді шаралардың жүзеге асып жатқанын көрсетеді», - деп атап өтті БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы.

Ол Алматы қаласы мәслихатында мүмкіндігі шектеулі жандардың болуын жоғары бағалады. Каталина Девандас Агилардің пікірінше, бұл жалпы қоғамда мүгедек жандардың әлеуметтік тиімділігін арттыруға ерекше ықпал етеді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді »»
15 қараша 2017 - 17:57
Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың арық желілерін салу және қайта жасаудың барысын тексерді, сонымен қатар Үлкен Алматы өзені жағалауының, Медеу және басқа да тау бөктерлерінің ылдилы учаскелерін нығайту жұмыстарымен танысты. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты. Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы ор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13