^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 24 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қалалықтар үшін «Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау ашылды
13 қыркүйек 2017

«Open Almaty» – Алматы әкімдігінің түрлі өмірлік жағдайларды шешу және тұрғындарға қызмет көрсету жөніндегі жаңа жобасы. Қоғамдық қабылдауға келген әрбір жанға тиісті кеңес беріледі және олар әкімдікке, қала басқармаларына, прокуратураға, полицияға, мемлекеттік кіріс департаментіне және басқаларға жолданған өз өтініштерін қалдыра алады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық қабылдауда болған кезінде жаңа сервистің мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттырумен қатар тұрғындар алдында ашықтығын, есепті екенін көрсететінін атап өтті.

Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. «Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.

Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.

Айта кетерлігі, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді, 3 лүпілден соң өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.

Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.

Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) - автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.

Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.

Анықтама үшін:

Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз- шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.

2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13