^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда 40 жылдың ішінде алғаш рет жаңа ашық жеңіл атлетикалық стадион салынды
13 қыркүйек 2017

Алматының Алатау ауданында «Туған жер бағдарламасы аясында «Алонсо» және «Юником Бизнес Групп» компаниялары салған жаңа ашық жеңіл атлетикалық стадион ресми түрде таныстырылды. Оның ашылу салтантына танымал спортшылар, жаттықтырушылар, Олимпиада жүлдегерлері Ольга Рыпакова, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Ермахан Ыбраимов, Бақтияр Артаев, Әмин Тұяқов қатысты.

«Бұл стадион Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 605 млн. теңге бөлген инвесторлардың қолдауы арқасында салынды. Соңғы жылдары Алматыда спорт нысандары көп салынуда, ал бұл жастардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беруде. Өйткені Алматы – тек мәдениет пен медицинаның, білімнің ғана емес, сонымен қатар спорттың да қаласы", - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артына, қолайлы жерге орналасқан, оның жалпы алаңы - 39 000,00 шаршы метр мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге де болады. Ашық стадионда 100,400 метрлік жүгіру жолдары, 100 х70 м. көлемдегі жасанды футбол алаңы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар, көлемі 100х62 м. болатын ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған табиғи шөппен көмкерілген арнайы аймақтар бар. Шығысына жиналып, қайта жасалатын 300 орынды заманауи мінбер қойылған.

Айта кетерлігі, Медеу ауданындағы «Халық Аренаның» жанынан да барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 5000 орынды замануи жабық жеңіл атлетикалық стадион салу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
Алматы әкімі бөктерлі жерлердің ылдилы учаскелерін нығайту және қаланың арық желілерін қайта жасау жұмыстарының барысын тексерді »»
15 қараша 2017 - 17:57
Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың арық желілерін салу және қайта жасаудың барысын тексерді, сонымен қатар Үлкен Алматы өзені жағалауының, Медеу және басқа да тау бөктерлерінің ылдилы учаскелерін нығайту жұмыстарымен танысты. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында ГЭС1-БАО автожолындағы қауіпті аймақтағы салынып жатқан қорғаныс нысанының құрылысымен және ылдилы учаскелерді нығайту жұмыстарының барысымен танысты. Учаскеде бірқатар жер үсті жұмыстары аяқталған, габионды конструкциялар мен тірек қабырғасы ор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13