^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 19 қазан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы қаласының қала құрылысы кеңесі 74,8 млрд теңгеге жобаларды мақұлдады
30 қыркүйек 2017

Алматы қаласының қала құрылысы кеңесі үш көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің және бизнес орталығының құрылысын мақұлдады. Осы объектілерді салу 74,8 млрд. теңге көлемінде жеке инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді, игерілмеген аумағы бойынша 9,9 га, оның ішінде 4,9 - көгалдандыру. Пайдалануға 188 мың метрлік тұрғын үй беріледі, оның 2787 автотұрақ және төрт орта білім беретін мектеп.

Бостандық ауданында «Сейфуллин» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталады, ол 12-ден 21 қабатқа дейінгі 13 блоктан және 120 орындық балабақшадан тұрады. Жобада жерасты автотұрақ бар, ландшафтық аулалармен ұсынылған. Құрылыстың жоспарланған ұзақтығы – 25 ай. Компанияның әзірлеушісі әлеуметтік жауапкершілік аясында 160 орынға арналған балабақша салуды және оны коммуналдық меншікке беруді міндеттенеді.

Сәтпаев пен Абай даңғылдарының арасында Тілендиев көшесінің батысына қарай сол аймақта 12 және 16 қабаттан тұратын 19 үйден тұратын тұрғын үй кешені салынады. Кешен аумағы үш аймаққа бөлінген, оның ішіне аула, қоғамдық кеңістік және 200 орындық қолжетімді балабақша кіреді. Жобаны іске асыру мерзімі - 36 ай.

Сонымен қатар, Бостандық ауданында Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиева көшесінің қиылысында Парк-офис жобасы іске асырылатын болады. Әл-Фараби даңғылынан жоғары биік объектілердің құрылысына тыйым салынған қала құрылысы талаптарына сәйкес, ғимараттың биіктігі жер деңгейінен 12 метрден аспайды. Жоба үш блоктың арасында саябақ алаңымен байланыскан курылысты коздейди. Саябақ инфрақұрылымы жазғы кафе алаңы, велосипед жолдары, мөлдір құрылымдардың келіссөз павильондары және офистік ортаға біріктірілген террассаларды қамтиды.

Әуезов ауданындағы №3 шағын ауданда төрт 9 және 12 қабатты үйден тұратын тұрғын үй кешені пайда болады. Кешенде 2 деңгейлі жерасты паркинг пен 60 адамға арналған балабақша бар. Құрылыстың ұзақтығы - 20 ай.

Жобаларды қарау барысында құрылысты салушылардың назары көліктер тұрағының санына, ішкі әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға,түнде үйлердің сыртын жарықтандыруға, кішімобильді топтарға жағдай жасауға, алаңдарды жасылдандыруға аударылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Жас алматылықтар жағдайы жеңілдетілген тиімді тұрғын үйге қол жеткізе алады »»
18 қазан 2017 - 17:42
Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бүгін әкімдікте «Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі» АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. «Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңіл...
Алматыда туристік ақпараттық орталық ашылды
18 қазан 2017 - 14:45
Бүгін Алматыда «Алматының визит орталығы» атты туристік ақпараттық орталық ресми түрде ашылды. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген әрбір шетелдік қонақтың көрікті жерлер, мәдени оқиғалар, мейманханалар туралы бір терезе принципі бойынша толық мәліметті қалай алатындығымен танысты. Қаланың Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай визит орталықтың Алматы тұрғындары мен қонақтарына мегаолистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес, жол карталары мен тау бағытт...
Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды »»
17 қазан 2017 - 13:51
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді. Бұл Ереже VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өткен ХХІ сессиясының №151 шешімімен бекітілді. Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан ...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13