^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда жаяу жүргіншілерге басымдық беріп, қайта жасалған көшелерге ағаш отырғызу басталды
04 қараша 2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек, мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері және қаланың коммуналдық қызмет кәсіпорындарының қызметкерлері жаяу жүргіншіге басымдық беріп, қайта жасалған Панфилов, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңына ағаш отырғызу шарасына қатысты.

Бүгін питомниктерде өсірілген, 100% тамыр жайып кететін бұтақ жарған ағаштар: терек, қайың, емен отырғызылды. Жалпы, жоба бойынша қайта жаңғырған бес көшеде аллеялы және пейзажды 2312 ағаш, 3 мыңнан астам бұтақтар мен көптеген гүлзарлар отырғызу жоспарланған. Ағаштың басым көпшілігі осы айда, ал қалғандары көктемгі маусымда отырғызылады.

Келер жылы реконструкцияланған көшелерде декоративті алма ағаштары, акация, бұтақтар, спирея, қарақат пен кеңтамыр гүл жаратын болады. Емен мен терек көлеңкелі кеңістікті қалыптастырады, ал қайың мен шырша, туя жыл бойына хвой иісімен тыныстатады.

«Алматы - бақпен көмкерілген ару қала, сондықтан біз бұрыннан бар ағаштарды сақтай отырып, жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз. Бүгінгі күні қала бизнесмендері «Туған жер» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды жобаларға ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда, ал бұл өте маңызды. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желекке молынан бөленуі үшін қалалықтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жалпы, биылғы жылы Алматыда 26 мыңнан астам ағаш отырғызылды, тағы да 5 мың жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұлардан өзге, компенсациялық және бастамашыл тұрғыда 7 мың ағаш отырғызылатын болады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қалада жыл аяғына дейін 210 ағаш отырғызылады. Мысалы, кәсіпкерлер Меңдіқұлов көшесінің бойына 15 ағаш, көлік тұрағы болған Фурманов көшесінің бойына (Сәтпаев көшесінен төмен) 31 терек отырғызды.

Алматыда биылғы жылы қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды, жаңғыру аясында ғимараттардың сыртқы келбеті әрленді, құрғақ фонтандар пайда болды, авторлық архитектуралық кіші пішіндер қойылды, демалыс аймақтары, балалар алаңдары жасалды, жасыл желекті суару желісі жүргізілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№ 86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13