^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда коммуналдық қызмет пен полиция автопарктері жаңа техникамен толықты
10 қараша 2017

Бүгін жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала бюджетінің есебінен алынған коммуналдық қызмет пен Ішкі істер департаменті жаңа арнайы техникаларын қарап шықты.

Мегаполис басшысына қыс кезінде қала көшелерін тазалайтын арнайы техника да көрсетілді.

Бұлар КАМАЗ шассиіндегі құрамалы 14 тазалағыш машиналар, өтімділігі жоғары Unimog үш көпфункционалды тазалағыш көлік, екі Snowbooster қар тазалайтын машиналар, конвейер-вакуумды Dulevо машинасы, қар тазалайтын 16 Pony машинасы, 20 мини тракторлар мен мини тиегіштер.

«Қалада жаяу жүргіншілер үшін жақсы жағдайлар жасалуда, демек, қыста тротуарларды тазалауға ерекше мән беріледі. Қаланың тарихи орталығының үштен бірінің жаңаруына орай арнайы техникалар – көпфункционалды Pony машинасы, минитиегіштер, жеңіл тракторлар алынды. Жұмысшылар ақау келтірмейтін құралдарды пайдаланатын болады», - деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Қалада тазаланатын жолдың жалпы көлемі 20 млн. м². Қыста көше тазалаумен 15 мердігер ұйым, 1116 арнайы техника бірлігі айналысады. Жол тазалаумен айналысатын жұмысшылар қатарын 1,2 ден 2,7 мың адамға көбейту қарастырылған.

Бұлардан өзге қала аудандарында өндірістік базалар құрылған, соның арқасында көше тазалау жылдамдығы 1,5 есеге артады. Жұмысшылар дислокациясы жанына олардың киімдерін ауыстыруға, ыстық сусындар ішіп, жылынуына мүмкіндік беретін модульді контейнерлер қойылады.

Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі полицияның жаңа автокөліктерін қарап шығып, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті күшейтуге оң ықпал ететінін атап өтті.

ІІД-нің бастығы Серік Күдебаев көшелерге патруль жасау үшін отандық әрі газбен жүретін 200-ден астам жеңіл автокөлік бірлігі алынғандығын жеткізді. Бұлардан өзге жеке құрамды тасымалдайтын екі автобус пен бірнеше микроавтобустар, екі өрт автоцистернасы және 34 эвакуатор алынған. Оның үстіне, 147 автомашина видеорегистраторлармен жабдықталған.

Айта кетерлігі, Алматыда өткен жылмен салыстырғанда биыл құқық қорғау органдарын материалдық –техникалық жабдықтауға қаржы 2 есе көп жұмсалған. Егер 2016 жылы 706 миллион теңгеге 118 жаңа қызметтік көлік алынса, биыл қала бюджеті есебінен 3,5 млрд. теңгеге түрлі модельдегі 280 көлік алынған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№ 86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13