^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 23 қараша 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыдағы Наурызбай ауданының 30 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың жаңа желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды
13 қараша 2017

Наурызбай ауданында жаңа инженерлік желілердің іске қосылуы арқасында «Алты алаш», «Қалқаман-2» елді мекендеріндіңі жеке секторындағы 5 мың үй мен «Қалқаман-3» ықшам ауданындағы 30 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға ие болды.

«Әр үйге таза суық су жаңа құбырлар арқылы берілуде. Үй иелері орталықтандырылған су желісін пайдалану үшін су бөлгішке қосылуы және«Алматы су» МКК- мен тиісті келісім жасаулары қажет»-, деді Алматы қаласының Энергетика жәнк коммуналды шаруашылық басқармасындағылар.

Бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары техникалық талаптар сақталмаған жеке су скважиналарын және қолдан жасалған су желілерін пайдаланып келген еді. Соның салдарынан апаттар жиі болатын, ал жаз айларында суды көп тұтынатындықтан қысым төмендеп кететін.

Келеңсіз жайттардың алдын алу және суық сумен тұрғындарды тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа желілерде насосты станциялардың қуаты арттырылды.

Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды, қазіргі кезде мұнда 560 жеке үй таза суық суды пайдалануда. Ендігі кезекте «Алты Алаш», «Қалқаман-2» ықшам аудандары.

«Алматы су» МКК 4 мыңға жуық үй иелерінің орталықтанған су желісіне қосылу үшін құжаттар тапсырғанын айтты.

Бір ай ішінде барлық тұтынушылардың құжаттары толтырылады және олар жаңа желіге қосылады.

Мемлекеттік бюджет есебінен 209 км жаңа су желілерінің және кәріздің құбырлары жүргізілді, соның арқасында елді мекендерді орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүзеге асып отыр.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


№ 86 бағыты бойынша жаңа автобустар жүре бастады
21 қараша 2017 - 12:48
Алматыда көлікті реформалау және тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру барысында жылжымалы составты жаңарту ісі жалғасуда. «Лиаз» маркалы төмен еденді кондиционерлермен және видеокамералармен жабдықталған 16 автобус №86 бағыты бойынша қызмет көрсетуді бастады. «Барлық автобустар төмен еденді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орындар бар. Барлық жылжымалы состав «Евро 5» экологиялық сыныбына жатады. Юиыл біз барлығы 388 автобус сатып алдық, олардың 100-і шағын сыйымдылықты және та...
Алматының Түрксіб ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа спорт және аула алаңдары ашылуда »»
17 қараша 2017 - 14:05
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында С.Сейфулллин атындағы саябақты қайта жасаудың, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы жүргінші аймағын аббаттандырудың барысын, сонымен қатар мегаполистің Түрксіб ауданындағы аулаларды тексерді. Түрксіб ауданында да аулаларды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр, биылғы жылы мұнда 80 аулаға асфальт, резинка және кеспе тас төселген, орындықтар мен урналар қойылған, спорт және балалар алаңдары жарық көздерімен қамтылған. Бұлардан өзге, аудан әкімі Павел Кулаг...
Оңтүстік астанада «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде »»
16 қараша 2017 - 17:58
Алматыда қала әкімдігінің бастамасымен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасына және Жаһандық Экологиялық Қордың 2011 жылғы тұрақты көлік қозғалысы арқылы қоршаған ортаны жасқартудың нақтылы шараларын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай «Алматының тұрақты көлігі» жобасына қатысты халықаралық конференция өтуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі күні қалада 2023 жылға дейін көлік қозғалысын ұйымдастырудың кешенді сызбасы жасалғанын, аталған құжатта көлікті дамытудың барлық вектор...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13