^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматыда жұмыс сапарымен болды
29 қараша 2017

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының Қазақстан экономикасын цифрлау бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында бірқатар объектілермен танысты.
Жұмыс сапары барысында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі Комитеттің төрағасы Бағдат Мусин жүргізушілерге қажет құжаттар санын қысқартатын «Е-штрафы» жобасын таныстырды. Ол өзінің сөзінде ИИН бойынша планшеттер арқылы жүргізуші жөнінде барлық мәліметті, оның ішінде техпаспорт пен сақтандыру полисі туралы да білуген болатындығын жеткізді. Бұл жүйе енгізілген соң автожүргізушілер полиция қызметкеріне тек жүргізуші куәлігін көрсетсе болғаны. Айыппұлды жүргізушілер дәл сол жерде немесе мобильді POS-терминалы арқылы төлейді, ақша бірден автоматты түрде төлем жүйесінен көрінеді.
«Енді хаттамаларда негізгі үш көрсеткіш көрініс табады, олар: ИИН, автомобильдіің мемлекеттік нөмірі және тәртіп бұзу бабы. Бұдан былай жүргізушілердің толық құжаттарын алып жүруі қажет емес. Жергілікті полициямен жүйе тестілеуден өтті. Біз құжаттарды қажет етпейтін жүйе бойынша жұмыс істейтін алғашқы қаланың Алматы болуын ұсынамыз», -деп атап өтті Б.Мусин.

Өз кезегінде Алматы әкімі пилотты «Е-штрафы» жобасының мегаполисте енгізуге қолдау білдірді және қаланың патрульді қызметін планшеттермен, мобильді термопринтерлермен жабдықтау үшін қаржы іздестуріді тапсырды.
«Цифрлы Қазақстанның енгізілуі түрлі әкмішілік кедергілерді жойып, жемқорлықты азайту үшін енгізіледі», -деді Б.Байбек.
Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында «Инновациялық технология паркінің» автономды кластерлі қоры маңында орналасқан «Tech-Garden» ІТ аймағында болды.
ІТ аймақтың резиденттері - 10 IT-компаниялар мен 15 стартаптар. Бұлардың барлығы IBM, ARM, Autodesk, 1C сияқты заманауи палтформаларды пайдаланады. Жобаға қатысушылардың көпшілігі мұнайгаз, металлургия, машина жасау сияқты өндіріс саласымен айналысатын танымал шетелдік компаниялармен бәсекелес, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымын дамытуға өздерінің оң істерін ұсына алады.
Асқар Жұмағалиев инновациялық негіздегі жобалармен танысты және Қазақстанның түрлі өңірлерінің және жақын шетелдрдің стартап- компанияларының қатыуымен шеберлік сыныптарын өткізуді ұсынды.
Бүгінгі күні Алматы қаласы транзитті-көлік дәлізін ойдағыдай жүзеге асыруда, әлемнің ірі нарығына қауіпсіз және қысқа жолдарды қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде елімізге халықаралық түрлі пошта өнімдері Астана, Алматы, Орал қалалары бойынша халықаралық пошта алмасу арқылы келуде, бұлардың 80%-ы Алматы арқылы өтеді. Пошта өнімдерін Қытайдың, Сингапурдың, Германияның, АҚШ-тың және басқа елдердің интернет- магзиндері жіберуде.
Премьер-министрдің орынбасары мен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 пошта өнімдерін жібереді. Жүйе салмағы 10 килограмға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен хаплықаралық шағын пакеттерді іріктейді.
Орталық жұмысымен танысу барысында «Қазпошта» АҚ-ы басқармасының төрағасы Сәкен Сарсенов интернет арқылы сауда жасаудың күн санап артып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері Қазақстанға 9 млн. астам шетелдік пошта өнімі түскен.

«Егер биылғы жылдың тамызына дейін біз тәулігіне 10 000 посылканы іріктесек, сұрыптау машинасы мен мобильді терминалдың арқасындао 100 000 пошта өнімін реттей бастадық. Технологиялық процессті оңтайландыру арқылы пошта өнімдері тәулік бойына сұрыпталады. Оның үстіне, автоматтандыру барысында пошта қаптары нақтылы атауларға жіберілуде, ал бұл пошта өнімінің жедел жетуіне оң ықпал етуде» – деді Сәкен Сарсенов.
Жақсы базаның, дамыған логистиканың және потша бөлімшелерінің жүйелері негізінде «Қазпошта» бүгінгі күні қажетті барлық инфрақұрылымды e-commerce арқылы жүзеге асыра алады. Алматыдағы интернет- магазиндерге көмек ретінде фулфилмент қызметі қосылған, ол пошта өнімін сұрыптайды, сақтайды, қаптайды, жеткізеді.
Сәкен Сарсенов «Қазпоштаның» түрлі транзитты жобаларға қатысатынын, Қазақстан арқылы Қытайдан Европаға немесе керісінше транзит арқылы хабтарды жіберетінін айтты. Бұл Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге немесе Европаға транзиттті өнімдердің 20% -дан астамының өтетінін көрсетеді. Егер 2016 жылы «Қазпошта» арқылы транзитті лектің көлемі 53% -ды құраса (10 млн. өнім, 2015 жылы 6,5 млн. болған), 2017 жылы 17 млн. өнімге артады деп күтуде.
  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13