^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 12 желтоқсан 2017
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы қорытындысы шығарылды
05 желтоқсан 2017

Бүгін Студенттер сарайында өткен «Алматы- жастар қаласы» атты жастар форумында Бауыржан Байбек «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы қорытындысы туралы айтты және қала билігінің күш-жігері аға ұрпақты қолдауға жұмсалатынын атап өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қалада «Жастар жылы» болып жарияланғанын айтты. Жастар өмірін терең зерттеу барысында нақтылы ресурс көздеріне негізделген әрі нақтылы шараларды қамтыған алғашқы «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасы» қабылданды.

«Біз қашанда жастар- Қазақстанның болашағы, елімізді дамытудың қозғаушы күші деп айтамыз. Тәуелсіздігіміздің ерен жетістіктері, Елбасы еңбегінің жемісі жастардың қолында. Сондықтан Мемлекет басшысы өз саясатының басты мәні жастарға қамқорлық екенін үнемі айтып келеді. Білім, жұмыс, тұрғын үй,демалыс. Осынау маңызды мәселелерді дұрыс шешу жас азаматтарды қолдап қана қоймай, олардың қалыптасуына ойдағыдай ықпал етеді. Біздің басты міндетіміз – жастардың өз мүдделері мен әлеуеттерін жүзеге асыруларына жағдай жасау», -деді Б.Байбек.

Алматы әкімі Мемлекет басшысының жастарға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау барысында жастар үшін тиімді инфрақұрылымның пайда болғанын, нақтылы шаралардың іске асқанын айтты.

Мысалы, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін әрі карьераны, еріктілерді, жатақхана кураторлығын, қалаға келген жастармен жұмыс жүргізуді қамтыған Лофт- орталықтың алғашқы кезегі ашылды.

Карьера орталығы коммуникациялық каналға айналды, жастар одан қаладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, соның арқасында бүгінгі күні 8 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. 2,5 мың жас техникалық және кәсіби тегін білім алуда, тағы 3 мың жас қажет амамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға қатысуда.

2017 жылы пилотты режимде «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді.35 жасқа дейінгі алматылықтар пәтер алу үшін жеңіл заём алуына болады. Бүгінгі күні 6,6 мыңнан астам өтінім түскен. Жыл аяғына дейін жас отбасыларға 100 пәтер кілтін тапсыру жоспарланған.

Жатақханалар жетіспеушілігін ескере отырып «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ-ның қаржыландыруымен жатақхана салынады. Бүгінгі күні бірқатар ЖОО-мен, жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана құрылысы аяқталып қалды. Келер жылдан бастап 2,4 мың орынды тағы екі жатақхана құрылысы басталады.

Алматы әкімі жастарды қолдаудың Жол картасы барысында жастарды бейімдеуге айрықша мән берілгендігін айтты. Мысалы, өзге өңірлерден қалаға келген жастар интеграцияға ұшырайды. Қазіргі кезде бейімдеу жұмысымен Лофт- орталық, аудандық орталықтар айналысуда. «Дүйсенбілік Футбол» жобасы игі нәтиже беруде, биыл бұған қаланың 52 базарында жұмыс істейтін жастардың 40 командасы қатысты.

Бауыржан Байбек өзінің сөзінде биылғы жылдың жастарға арналғанын, қалада қолдау мен айрықша назарды қажет ететін өзге де азаматтардың бар екенін, сондықтан қала билігінің күш-жігері аға ұрпақты қолдауға жұмсалатынын атап өтті.

Жастар форумы аясында «ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Сонымен, «Волонтерлер лигасы» ҚҚ-ның төрағасы Әзиз Қажденбек «Жыл волонтері», «RUMI GROUP» басқарушы серіктесі Қуаныш Шоңбай «Жас кәсіпкер» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды.

Жыл спортшысы Жансая Әбдімәлік «Спорт саңлағы» сыйлығын иеленді. Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік даму бойынша проректоры Қайыржан Меңдіғалиев үздік «Жас тәлімгер» атанды.Бостандық ауданы ХҚКО-ның құжаттар қабылдау бойынша маманы Ирина Кухарская «Ел қызметшісі» марапатына ие болды.

«Мейірімді жүрек» номинациясы «Қайырымды жандар» еріктілер тобын құрушы Айдын Тоқсанбаевқа бұйырды. Жыл белсендісі ретінде «Белсенді жас» сыйлығын «G38» клубының жетекшісі Айсулу Ерниязова алды.

«Шабыт» номинациясы бойынша дизайнер, суретші Кристина Депутатова жеңімпаз атанды Аян Қалмұрат «Белсенді блогер» атауына ие болды.«Жас Отбасы» сыйлығы «Жастар үні» бірлестігінің басшысы Дәурен Бабамұратовқа берілді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда астананың 20 жылдығы құрметіне Астананың қалыптасуына үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды »»
11 желтоқсан 2017 - 12:17
Республика Сарайында астананың 20 жылдығы құрметіне Алматыда тұрған немесе туылған және еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасуына үлес қосқан қайраткерлерді «Астана - ардағым» сыйлығымен марапттау салтанаты өтті. Осыдан тура 20 жыл бұрын, 10 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы болып Астана қаласы жарияланды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде Елбасының астананы көшіру туралы бастамасы еліміз үшін күрделі 90 жылдары ту...
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде Наурызбай және Алатау аудандарындағы жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бекітілді »»
08 желтоқсан 2017 - 17:57
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жаңа жобалар бекітілді, яғни 276,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 6,7 мың шаршы метр көлік тұрағы, алты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен жеке мектеп салынады, жалпы алаңы 3,6 га болатын екі жер учаскесі қаланың коммуналды меншігіне беріледі. Жалпы, жаңа нысандар салынғанда 27,5 га жер игеріледі, оның 10,6 гектары жасылдандырылады. Құрылыс кезінде 4,5 мың жұмыс орны құрылады. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшам елді мекенінде салынатын 1...
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді »»
07 желтоқсан 2017 - 19:36
Республика сарайында 10 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана – Ардағым мерекелік сыйлығымен марапттау рәсімі өтеді. «Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, &...
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2017 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13